| |
 |
 |
 |
| Жобалар мен іс-шаралар |
Ойы ұшқырлар мен алғырларға конкурс!
«Шағын ғана акция – үлкен PRреакция»
Қазіргі таңда айналамызда не көп,
жарнама көп. Тауарлардың, қызмет түрлерінің, бизнес-компаниялардың
жарнамалары. Тіпті әрқайсымыздың жатқа білетін «сүйікті» жарнамалық
тіркестеріміздің, сюжеттеріміздің де бары рас
Ал біз дәл осылай өз қаламызда,
облысымызда, елімізде не болып жатқанын жақсы білеміз бе? Теледидардан
берілетін тақырыптық хабарлар, сюжеттер, репортаждар мен баннерлер
әдеттегі құбылыстарға айналған. Қалайша адамдардың көңіл-күйлерін
өзгертіп, оларды «қарапайым» жайттар туралы ойлантуға, күнделікті
әдетке айналған мәселелердің әрқайсымыз үшін маңызды нәрселер екеніне
назарларын аударуға болады?
Конкурс жариялаймыз!
НЕ?
«Жетістікке жету хикаяттары»…
НЕ ТУРАЛЫ?
…жетістікпен өткізілген стандартты емес акциялар туралы…
ҚАЙ САЛАДА?
…мемлекетіміздің ішкі саясатын
түсіндіру және насихаттау жөнінде (Президент Жолдауы, «Жол картасы»,
әлеуметтік, экономикалық, жастар саясаты бойынша және де басқа
құжаттар).
ҚАЙДА ӨТЕДІ?
Шығыс Қазақстан облысы аумағында.
ҚАШАН ӨТЕДІ?
2009 жылдың 20 тамыз – 13 қараша аралығында
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ КІМДЕР?
«ЗУБР» әлеуметтік- корпоративтік қоры
(«Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» ММ –нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде)
ҚАТЫСУШЫЛАРЫ КІМДЕР?
Конкурсқа Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, ұйымдары мен бастамашы топтары қатыса алады.
· Мемлекеттік мекемелердің,
қоғамдық ұйымдардың адамдары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік
саладағы ұйымдардың қызметкерлері,
сонымен қатар…
· жарнамалық, полиграфиялық және тағы да басқа бизнес тұлғалары;
тағы…
· журналистер, суретшілер, жазушылар;
жалпылай алғанда…
· тамаша идеяларын ұсына алатын барлық шығармашылық адамдар.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Табыспен өткізілген акция мысалын
толық сипаттап жазып, өз «Жетістікке жету хикаятыңызды» көрсетілген
мерзім ішінде «ЗУБР» ӘКҚ офисіне табыстаңыз:
· «Жетістікке жету хикаяттарын» қабылдау - 2009 жылдың 20 тамыз-30 қазан аралығы
· конкурс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау-
2009 жылдың 2 -13 қараша аралығы
«Жетістікке жету хикаяттары» келесі тармақтардан тұруы шарт:
· акцияның сипаттамасы (көлемі 2
беттен аспауы тиіс), акцияның атауы, іс-шараның жүргізілу барысын
сипаттау, кімдер қатысты, нәтижесінде неге қол жеткізілді?
· акцияға тікелей қатысушылардың саны және акция аяқталғаннан кейін қанша аудиторияны қамти алды;
· презентациялық, таратпа материалдар;
· бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдар (мақалалар, репортаждар т.б.);
· фотографиялар, бейнежазбалар (мүмкіндігінше);
ҚАЛАЙ БАҒАЛАНАДЫ?
1. «Жетістікке жету хикаяттары» келесі критерийлер бойынша бағаланады:
· идеяның сонылығы (оригиналдығы)
Акцияның өз концепциясы, белгіленген іс-әрекеттері, соңғы нәтижесі болуы керек (мақсаты және өткізу идеясы).
PR-акциялардың түрлері: презентация,
семинар, тренинг, конференция, мастер-класс, конкурс, сауалнама,
лотерея, жарыстар, концерт, шоу, пресс-конференция, пресс-тур және т.б.
· іс-шараның «айқындығы»,
· акцияның рәсімделуі, безендірілуі,
· билік өкілдерінің, ұжым басшыларының, ауданның (қаланың, ауылдың, кенттің) беделді, атақты тұлғаларының қатыстырылуы,
· бұқаралық ақпарат құралдарында
(радио, телевидение, газеттер, Интернет), басқа да әр түрлі жарық
көрген материалдар саны (үндеухаттар, қабырға газеттері, бюллетендер).
2. Конкурсқа қатысу үшін 2008
жылдың 1 қаңтарынан 2009 жылдың 30 қараша аралығында іске асырылған
акциялар туралы «Жетістікке жету хикаяттары» қабылданады.
3. «Жетістікке жету хикаяттарын»
«ЗУБР» ӘКҚ мен тапсырыс беруші «Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат
басқармасы» ММ –нің мамандары, сонымен қатар PR және насихат
саласындағы сарапшы-мамандар бағалайды.
4. «Жетістікке жету хикаяттарын» қабылдау - 2009 жылдың 30 қазанына дейін.
БҰЛ АРҚЫЛЫ СІЗ НЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕСІЗ?
Ең үздік «Жетістікке жету хикаяты» Шығыс Қазақстан облысының басты сайттарына енгізіледі.
Конкурс аяқталғаннан кейін жеңімпаздар туралы ақпарат (аты-жөндерімен, фотосуреттерімен) үндеухаттарда жарияланады
Конкурс жеңімпаздарына естелік сыйлықтары табыс етіледі.
Конкурсқа қатысушылар мен жеңімпаздардың барлығы ШҚО ішкі саясат басқармасының дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздарды марапаттау 2009 жылдың қарашасында өтеді.
Сауалдарыңызды қою үшін және «Жетістікке жету хикаяттарыңызды» тапсыру үшін «ЗУБР» ӘКҚ офисіне келіңіздер:
Өскемен қ. Қазақстан көшесі, 158 А
тел. 8(7232) 26-22-20, электрондық пошта zubr@ukg.kz .
Байланысушы тұлға: Кофтанюк Арина |
|
|
|
Другие новости по теме:
05.11.2009 Назар аударыңыз конкурс!22.04.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, КОНКУРС!15.02.2010 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС!Назар аударыңыз конкурс!01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
|
| | Просмотров: 517 | Категория: Әлеуметтік корпоративтік қоры | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|