www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Қазақстан Республикасы Президентiнi » 2009
ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы

ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА


Қадірлі қазақстандықтар!
Қымбатты менің отандастарым!

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко­но­микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар.
Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ.
Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.
Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орны­на жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономи­каны қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді.
Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік.
Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын.
Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық.
Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын ай­қындап, қарыштап алға басумен болдық.
Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс.
Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған.
Мемлекет дағдарыстың алдын алу­дың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады.
Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр.
Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық.
Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле­кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола­шағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.
Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы.
Дүние дамуымен есептегенде жиыр­ма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар.
Олай болатыны, тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуел­сіздігімізді нығайту жолындағы жа­сампаз істерімізді жалғастыра бер­мек­піз.
Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды.
Солай боларына нақты сеніңіздер, құрметті отандастар!

Құрметті қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!

Іс жүзінде жиырма жыл бойы күн­нен-күнге біз сіздермен жаңа елді құру үстіндеміз.
Ашық та өркенді елді.
Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елді.
Саяси тұрақты және өз азаматта­рының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен елді.
Ешқашан және ешкім үшін сыртқы қатер көзі болмайтын елді.
Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны елдің нақты табыстарына айналдыру тәжірибесі бізге өз күшімізге деген сенімділікті берді, біз таңдап алған жо­лымыздың дұрыстығына көз жеткіздік. Нақ сондықтан да бұдан екі жылдан астам бұрын басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында біз дағдарысқа қарсы шаралар­дың кешенді жүйесін әзірлеп, дәйек­тілікпен іске асырып келеміз.
Біз ішкі және сыртқы конъюнк­тураны жіті қадағалап, еш кідіріссіз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сон­дықтан да жаһандық азық-түлік дағда­рысы біз үшін ұлттық апатқа айналған жоқ.
Бірақ бүгінде бүкіләлемдік эконо­миканы діңкелетіп үлгерген эконо­микалық дағдарыс біздің беріктігімізді сынаққа салуда.
Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді.
Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес.
Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты.
Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Әлемде болып жатқан үдерістерге өз көзқарасымды мен өзімнің “Дағдарыс­тан шығу кілті” атты мақаламда баян­дадым. Оған түрліше қарауға болар, бірақ та біз, қазақстандықтар, осынау дағдарыстан шығудың жалпы ізденісіне өз ойымызды қостық. Дағдарыс қатар­дағы емес, одан шығудың нұсқалары мүлдем әртүрлі болуы тиіс.
Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейін әлемдік қаржы жүйесі, бәлкім, мем­лекеттерді саяси басқаруда өзгереті­ніне сенімдімін. Көпшілік экономиканы “қолмен басқару” қажеттігіне келіп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығу­дың аса маңызды ісіне айналуда.
Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұры­лыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі.
Сондықтан мен ұсынған түбегейлі шаралар әлемдік қоғамдастықта талқыла­натын болады.
Менің ұсынысым – бұл жаһандық проблемаларды шешу ізденісіне қосқан үлесім.
Бірақ та бүгінгі нақтылық мынадай, әлемдегі іскерлік белсенділіктің қысы­луы мұнай мен металға деген сұраныс­тың төмендеуіне соқтырды. Ал бұлар – Қазақстан экспортының негізі.
Бір жылда мұнай бағасы 4 есе дерлік, металл бағасы 2 есе дерлік құлап түсті.
Біздің негізгі сауда-саттық әріптес­теріміз әрі жақын көршілеріміз – Ресей мен Украина өздерінің ұлттық валю­таларын 40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан да біз өзіміздің тауар өндірушілеріміздің мүддесі тұрғысынан теңгенің құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнім өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтар еді. Біз елдің алтын-валюта резервін жұмсауды жалғастыра берер едік.

Құрметті қазақстандықтар!

Өкінішке орай, қиын сынақтар мен дағ­дарыс қысымының салмағы әлсі­ре­мей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіс­сіздер.
Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіс­сіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз.
Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз.
Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз.
Ұлттық қорды құра отырып, біз қор­ланудың мақсатты саясатын жүргіздік.
Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестіреміз бе дегенге орай қаншама талас жүргенін сіздер жақсы білесіздер. Қазіргідей бюджетке алымдар 20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не істер еді?
Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, біз дұрыс істедік. Өзінің ертеңгі күні туралы ойлайтын мемлекеттер осылай істеуге тиіс.
Сол арқылы біз осы тұрпатты сілкіністер мүмкіндігінің алдындағы экономикамыздың беріктік қорын қамтамасыз еттік.
Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттік.
Нақ сондықтан да бүгінде біздің айтарлықтай мүмкіндігіміз бар және ойластырылған әрі тиімді дағдарысқа қарсы саясат жүргізуге жағдайымыз жетеді.
Көптеген мемлекеттердің пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдау болды.
Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті.
Тұрғын үй құрылысына және үлес­керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды.
Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Негізгі салықтар бойынша ставкалар­ды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды.
Өткен жылмен салыстырғанда, кор­по­ративтік табыс салығы биылғы жыл­дың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласы­ның орнына 11 пайыз көлеміндегі бірың­ғай ставка енгізілді. Инвестиция­ларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.
Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды.
Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшы­лық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағыт­талған.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді.
Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.
Бұл әлемдік дағдарыс салдарын ең­серу үшін қуатты ынталандыру екенімен келісерсіз.
Біз табанды да жедел әрекет етеміз, өйткені әлемдік дағдарыстың біздің экономикамыз бен қоғамымызға соққы күшін әлсірету үшін қашан және не істеу керектігін білеміз.
Бұған ел Үкіметі мен Парламентінің бірлескен жедел жұмысы жәрдемдесті.
Құрметті менің отандастарым, осы кезеңнің қыспағына бәріміз бірге қарсы тұруға тиіс екенімізді сіздер түсінсе екен деймін.
Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілердің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндет­темелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті.
Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы та­ғы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады.
Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады.
Бұл ретте 2011 жылы базалық зей­нет­ақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі.
Өздеріңізге белгілі болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр.

Толығырақ...


логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, басқа облысқа
Иә, Ресейге
Иә, алыс шетелге
Жоқ, жоспарымда жоқ
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
20-летие Независимости Казахстана
X Жастар форумы
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село