www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Бақтиярова Ә.К.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты
30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конференциясы
 
       30-сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің конференц-залында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастамасымен және Президент әкімшілігі мен Қазақстан халқының Ассамблеясының қолдауымен этномәдени бірлестіктердің «Келісім. Ынтымақтастық. Тұрақтылық» республикалық конференциясы өткізілді.

Толығырақ...


29.04.2009 Республикалық АНТ-ның Шығыс Қазақстандағы жұмысы
 
 

       Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бұйрығына сәйкес, 29 сәуірден 1 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі В.С.Школьниктің басшылығымен республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Республикалық АНТ тобының жұмысы 29 сәуір күні облыс басқармаларының басшылары, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары, шағын және орта бизнес, аудандар мен қалалардың өкілдері қатысқан облыс жұршылығымен кездесуден басталды.

Толығырақ...


16.04.2009 Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың азаматтық қоғам институт өкілдерімен кездесуі
 
       Шығыс Қазақстанда билік пен азаматтық қоғам арасында ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестіктің үлкен тәжірибесі жинақталған. Консультативтік-кеңесшіл органдар және сұхбат алаңдары белсенді жұмыстар атқаруда. Билік өкілдері мен азаматтық қоғам институттарының осындай сындарлы  қарым-қатынастары мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысу деңгейін арттырады, бұл демократиялық үрдістерді дамытудың маңызды элементі болып табылады.

Толығырақ...


06.04.2009 Елбасының Жолдауын түсіндіру – басты міндет
 
       Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау жұмыстарын облыста 2009 жылы 19 облыстық мекемеаралық, 142 қалалық, аудандық және  ауылдық округтер деңгейінде 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізеді. Барлық санаттағы топтар құрамында 3682 адам жұмыс атқарады.

Толығырақ...


27.03.2009 Студенттіқ Қүрылыс Жастар Еңбек Жасақтары
 


Роликті жайлы отырып көру үшін беттің толықтай ашылуын күтіңіз


06.03.2009 БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылтайшыларының кездесуі өтті
 
       Өскемен қаласында наурыздың 5 күні өңірлік БАҚ-тардың бас редакторлары мен құрылтайшыларының кездесуі өтті.
       Оған қатысушылар, облыстың біртұтас ақпараттық кеңістігін одан әрі қалыптастыру міндеттерінің маңыздылығын, журналистер қауымдастығының әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуын, тәжірибе алмасу және біліктілікті жетілдіруді ұйымдастыру мәселелерін талқылады, қызметі журналистер қауымдастығының бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық бірлестіктерге құрылтайшылық жасау туралы шешім қабылдады. Бірқатар  БАҚ редакторлары Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында  бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қағидалары туралы  келісімге қол қою туралы бастама көтерді.

Толығырақ...


05.03.2009 Жұмыс тобы мүшелерінің кездесуі
 
 
       Шығыс Қазақстанда 2008 жылғы 3 қарашада облыс әкімі мен көпшілік саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар  жетекшілері арасындағы жасалған өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды  іске асыру жалғасуда.

Толығырақ...


03.03.2009 Ынтымақтастық туралы Меморандум
 
 
       2009 жылдың 3 наурызында мемлекеттік жастар саясатын пәрменді іске асыру және жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында ішкі саясат,  туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары,  жоғарғы оқу орындары, Өскемен қаласының әкімі, өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Толығырақ...


26.02.2009 Өскемен – қазіргі заманғы қала
 


         Ағымдағы  жылдың 26 ақпанында Талдау және болжау институтында Саяси клубтың бірінші  отырысы болып өтті.    Негізгі құрамы облысымыздың жетекші саяси күштерінің көшбасшыларынан тұратын Саяси клуб отырысына сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері, ғылыми элита, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысқан болатын.

Толығырақ...


24.02.2009 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттерінің кездесуі
 
       Елбасы Н.Назарбаевтың  студент жастарды әлеуметтік қолдаудың дағдарысқа қарсы бағдарламасын дайындау жайындағы бастамасы  Шығыс Қазақстанның барлық өңірлік жоғарғы оқу орындары тарапынан толықтай қолдау тапты.
       Мемлекеттік дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында, облыста, оқып жүрген жастарды қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Мысалы, оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі қолданысқа енгізілді, үздік оқитын студенттерді көтермелеу қарастырылған,  әлеуметтік әлжуаз санаттағы  студенттерге  ЖООның шәкіртақылары тағайындалған, атаулы материалдық көмектер көрсетіледі.

Толығырақ...


ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы



Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.


Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған Қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды.
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. «Қазақстан – 2030» стратегиясын орындай отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат – осы Стратегияның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
1. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі
1997 жылы “Қазақстан-2030” Стра¬те¬гия¬сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра¬тегиялық жоспарда қисынды түрде да¬мытылды. 
Сөйтіп біз қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. 
2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. 
Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті.
Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.
Халық денсаулығының негізгі көр¬сет¬кіш¬тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. 
Он жылда 652 мектеп және 463 ден¬сау¬лық сақтау нысаны салынды. 
Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі ме¬ди¬циналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар. 
Биылғы жылы Кардиохирургия ор¬та¬лығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда. 
Осының арқасында біз өз азаматтары¬мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз! 
Біздің жетістіктерімізді мойындай оты¬¬рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян¬дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың дау¬сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үй¬ге ие болды. 32 мың шақырым жолдар са¬лынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі. 
2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік. 

2. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты
Әлемдік қаржы-экономикалық дағда¬ры¬сы экономиканың өсу қарқынына ық¬пал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқ¬тат¬қан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағ¬да¬рыстық шайқасында бізге тұрлау¬лылық¬ты қамтамасыз етті. 
Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. 
Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. 
Ұлттық және трансұлттық компания¬лардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. 
Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. 
Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жө¬ніндегі барлық шығындарды өз мой¬нына алды. 
“Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.
Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса ма¬ңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүр¬гіз¬дік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық. 
Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды. 
Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік. 
Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: “Табыс кім батыл қимылдаса, со¬ның үлесіне жиі түседі”. Ал біз батыл қимылдадық. 
2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. 
Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті.
Өткен жылы біз Қор қаржысының бір бө¬лігін жұмсадық, ал бүгінде Қордың кө¬лемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды.
Қордың арқасында біз дағдарысқа қар¬сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ¬пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма¬ңыз¬ды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, “Богатырь” разрезі, Қа¬ша¬ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау¬мұ¬найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. 
Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ¬ра¬ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт¬та¬ғы¬дан төмен. 
Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 
Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейін¬гі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.

Толығырақ...

логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, басқа облысқа
Иә, Ресейге
Иә, алыс шетелге
Жоқ, жоспарымда жоқ
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
Ұлы Жеңіске 65 жыл
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село