www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты
18.05.2011 Шетелден көмек
 
 
       Үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні ШҚО Талдау және болжау институтында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен USAID жобасына арналған «Өскемен қаласында АҚТҚ (ВИЧ) мен туберкулез бойынша сұхбат» өтті.

Толығырақ...


13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүддесіне сай жұмыс істеу
 
       2011 жылы 13 мамырда облыстық Достық үйінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласындағы мәселелер, өндірістік өнеркәсіптің ашықтығы бастамасын (ӨӨАБ) жүзеге асыруға байланысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар кеңестің ішкі жұмысы талқыланды.

Толығырақ...


26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
 
 
       26 сәуір күні ШҚО талдау және болжау институтында Шығыс-Батыс ЖТҚБ  Қоры (AFEW) «АТЖҚ және туберкулез саласындағы тұрғындардың әлсіз топтарына ұсынылатын қызметтердің санын көбейту» жобасын іске қосуға арналған дөңгелек үстел өтті, оған ШҚО пенитенциарлы жүйесінің, денсаулық сақтау және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Толығырақ...


13.04.2011 Саяси клуб: қорытынды шығарылды
 
 
       2011 ж. 13 сәуірде ШҚО талдау және болжау институтында «Өткен сайлау кампаниясының саяси аспектілері мен ҚР Президентін сайлаудың нәтижелері» тақырыбында саяси клубтың кеңейтілген отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, ҚР президенттігіне үміткерлердің өкілдері мен үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

Толығырақ...


11.04.2011 Орталық жайлы
 
 
       Сәуірдің 11 облыстық Достық үйінде Қоғамдық кеңестің экология мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Толығырақ...


16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселелерін қарастыруға арналған дөңгелек үстел
 
 
       Бүгінгі таңда гендерлік теңдік мәселелері біздің мемлекетте үлкен маңызға ие болуда.

Толығырақ...


10.02.2011 Гендерлік мәселелер жайындағы дөңгелек үстел
 
 
       ШҚО Талдау және болжау институтында ақпанның 10 күні гендерлік мәселелерге арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Толығырақ...


25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңгелек үстел
 
 
       Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында ШҚО талдау және болжау институтында: «Жергілікті деңгейдегі ашықтық бастамасын қоғамдық қолдау» атты дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...


21.01.2011 «Қазақстан - 2020»
 
 
       21 қаңтар күні ШҚО талдау және болжау институтында «Саяси клубтың» меморандумға қол қою мәселесіне арналған кеңейтілген отырысы өтті.

Толығырақ...


17.01.2011 Кәсіпкерлерге көмек
 
 
       2010 жылдың 17 қаңтарында «Алтай» технопаркінде Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың төрағалық етуімен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуын қарастыруға арналған республикалық кеңес өтті. Кеңеске Мәжіліс Парламентінің депутаты Е. Н. Әпсәлямов, ШҚО Әкімі Б.М. Сапарбаев, облыс әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік орган бастықтары мен кәсіпорын өкілдері қатысты.

Толығырақ...


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
Қадірлі отандастар!Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!Ханымдар мен мырзалар!

Биыл – біз үшін ерекше қастерліжыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20жылдығынақадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнгежеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997жылғы халыққаалғашқы Жолдауымдамен былай деген едім:
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз33 жылда емес,бір мүшелжастағана жеттік!
Күні кеше Астанада 56елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит– соның айшықты айғағы.
Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің біріболдық.
Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнанастам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионғаартты.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астанасалдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселіЕлордақондырдық.
Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржынықұрайды.
Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астамшетелдік инвестиция тартылды.
Сонымен қатар біз әлемнің 126еліне 200-ден астамөнім түрін шығарамыз.
Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігішағын және орта бизнестен құралады.
Ауыл шаруашылығысаласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010жылы 7 пайыз,өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.
Орташа айлық жалақы 2007жылғы53 мыңнан2010жылы 80 мыңтеңгеге дейін артты.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөніненәлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп,110ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.
Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есегекөбейді.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.
Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдарында 500-гежуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.
Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.
Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.
Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат10 есегекөбейді. Осы жылдары 750жаңа мектеп салынды.

Толығырақ...

логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

1
2
3
4
5
6
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
20-летие Независимости Казахстана
X Жастар форумы
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село