www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты
18.08.2009 Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық институттардың әріптестігі
 
       18 тамызда Өскемен қаласында «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалымен бірлесіп «Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық институттардың әріптестігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізілді.

Толығырақ...


07.08.2009 Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі
 
              Қазақстан студенттерінің Альянсы (бұдан әрі - ҚСА) - 2005 жылы алдыңғы қатарлы студенттердің бастамасымен құрылған ең үлкен студенттік ұйым. ҚСА  3 жыл көлемінде жастарды біріктіру, ұйымдық рухты дамыту, көшбасшылық қасиетке үйрету және топта жұмыс атқару, өңірлік және республикалық деңгейде жобаларды өздігінен әзірлеу мақсатында белсенділерге және қала көшбасшыларына жазғы студенттік лагерь ұйымдастырып келеді.
    3-10 тамыз аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Простор» демалыс базасында «Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мектебі» атты жазғы студенттік лагер өткізілді.

Толығырақ...


27.06.2009 Журналистер мерекесі
 
 
              Өткен сенбі күні аймақтың журналистер қауымы өздерінің төл мерекелерің атап өтті. Осыған орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баспа, телевизия және радио қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге аймақтың жүзден астам тілшісі қатысты. Олардың арасында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері бар.

Толығырақ...


27.05.2009 Студенттік құрылыс жасақтарының 50-жылдығына арналған СҚЖЕЖ мен «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымын ашылу салтанаты
 
       2009 жылдың 27 мамырында Өскемен қаласында студенттік құрылыс жасақтарының 50-жылдығына арналған СҚЖЕЖ мен «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымын ашылу салтанаты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың, облыстық департаменттер мен басқармалар басшыларының, ЖОО ректорларының, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар басшыларының, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің, жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары сарбаздарының қатысуымен өткізілді.

Толығырақ...


20.05.2009 Көшпелі «дөңгелек үстел» отырысы
 
 
       2009 жылдың 20-22 мамыр күндері саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім «Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны» Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асыру бойынша Курчатов қаласы мен Бесқарағай ауданында ақпараттық-насихаттау тобының жұмысын ұйымдастырды.

Толығырақ...


07.05.2009 9 мамыр Жеңіс күніне арнлаған мерекелік іс-шаралар
 
 
       7-мамыр күні облыс орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64-жылдығы мерекеленіп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

Толығырақ...


30.04.2009 Этномәдени бірлестіктердің республикалық конференциясы
 
       30-сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің конференц-залында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастамасымен және Президент әкімшілігі мен Қазақстан халқының Ассамблеясының қолдауымен этномәдени бірлестіктердің «Келісім. Ынтымақтастық. Тұрақтылық» республикалық конференциясы өткізілді.

Толығырақ...


29.04.2009 Республикалық АНТ-ның Шығыс Қазақстандағы жұмысы
 
 

       Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бұйрығына сәйкес, 29 сәуірден 1 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі В.С.Школьниктің басшылығымен республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша жұмыстары жүргізілді.

Республикалық АНТ тобының жұмысы 29 сәуір күні облыс басқармаларының басшылары, депутаттар, бұқаралық ақпарат құралдары, шағын және орта бизнес, аудандар мен қалалардың өкілдері қатысқан облыс жұршылығымен кездесуден басталды.

Толығырақ...


16.04.2009 Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың азаматтық қоғам институт өкілдерімен кездесуі
 
       Шығыс Қазақстанда билік пен азаматтық қоғам арасында ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестіктің үлкен тәжірибесі жинақталған. Консультативтік-кеңесшіл органдар және сұхбат алаңдары белсенді жұмыстар атқаруда. Билік өкілдері мен азаматтық қоғам институттарының осындай сындарлы  қарым-қатынастары мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысу деңгейін арттырады, бұл демократиялық үрдістерді дамытудың маңызды элементі болып табылады.

Толығырақ...


06.04.2009 Елбасының Жолдауын түсіндіру – басты міндет
 
       Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау жұмыстарын облыста 2009 жылы 19 облыстық мекемеаралық, 142 қалалық, аудандық және  ауылдық округтер деңгейінде 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізеді. Барлық санаттағы топтар құрамында 3682 адам жұмыс атқарады.

Толығырақ...


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!
Қадірлі отандастар!Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!Ханымдар мен мырзалар!

Биыл – біз үшін ерекше қастерліжыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20жылдығынақадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнгежеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997жылғы халыққаалғашқы Жолдауымдамен былай деген едім:
«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз33 жылда емес,бір мүшелжастағана жеттік!
Күні кеше Астанада 56елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит– соның айшықты айғағы.
Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің біріболдық.
Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнанастам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионғаартты.
Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астанасалдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселіЕлордақондырдық.
Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.
Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржынықұрайды.
Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астамшетелдік инвестиция тартылды.
Сонымен қатар біз әлемнің 126еліне 200-ден астамөнім түрін шығарамыз.
Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігішағын және орта бизнестен құралады.
Ауыл шаруашылығысаласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010жылы 7 пайыз,өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.
Орташа айлық жалақы 2007жылғы53 мыңнан2010жылы 80 мыңтеңгеге дейін артты.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөніненәлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп,110ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.
Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есегекөбейді.
Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.
Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.
Тәуелсіздік жылдарында 500-гежуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.
Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.
Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.
Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат10 есегекөбейді. Осы жылдары 750жаңа мектеп салынды.

Толығырақ...

логин :    
 
пароль :    
 
     
Тіркелу | Парольді еске салу?
Социологиялық сауалнама
Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

Иә, басқа облысқа
Иә, Ресейге
Иә, алыс шетелге
Жоқ, жоспарымда жоқ
 
Ақпараттық банерлер
Послания Президента РК
20-летие Независимости Казахстана
X Жастар форумы
Официальный сайт Президента РК
Сайт электронного Правительства РК
Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
Отчеты Управления внутренней политики ВКО
Социологические исследования
Жемқорлық тоқта
ЕВРАЗЭС
Если вы потеряли работу
Учись управлять своими деньгами
В помощь PRопагандисту
Новая индустриализация
Әлеуметтік тапсырыс
С дипломом в село