DataLife Engine > Выступления Директора > ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың облыстық мәслихат депутатары алдындағы

ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың облыстық мәслихат депутатары алдындағы


7 мая 2008. Разместил: admin

 
   Барлығымызға белгілі, қоғамдық ұйымдар қай уақытта, қандай кезеңдерде болмасын аса қажет және өзекті мәселелердің бірі болған. Бүгінгі таңда үкіметтік емес сектор – құқықтық демократиялық мемлекеттің міндетті атрибуттарының бірі болып отыр. Үкіметтік емес ұйым қызметтерін одан ары дамыту және кеңейту мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығының кепілі және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы пәрменді тетігі болып табылады.  
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру мақсатымен 2006 жылы Ішкі саясат департаменті үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың 2006-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірледі. Атаулы бағдарлама ІІІ шақырылған мәслихат депутаттарының тарапынан қолдауға ие болып, бағдарламаның бюджеті – 32,65 млн. теңгені құрады. Оның 25 млн. теңгесі (75 % астамы) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты құруға қарастырылған болатын.
Бағдарламаның қабылдануы үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын кеңейтуге оңтайлы жағдай жасады. Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері, департаменттер мен басқармалары жұмылдырылды. Аталған ұйымдардың қызметкерлері үшін Ішкі саясат департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде оқыту семинар-тренингтері өткізіліп, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық-әдістемелік оқулықтар басып шығарылды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәжірибесін Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Жарма, Зайсан, Зырян, Тарбағатай және Шемонаиха аудандарының әкімдіктері меңгерді.
2007 жылы облыстық денсаулық сақтау департаментінің алғашқы бастамасымен салауатты өмір салтын насихаттау және қауіп-қатерге тәуекел топтармен жұмыс жасау жобаларын іске асыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландырды.
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бөлінетін бюджет қаржысын мақсатты және тиімді пайдалану мақсатында, облыстың жетекші үкіметтік емес ұйымдар қатарымен бірлесе отырып жұмыс істеу барысында, Ішкі саясат департаменті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мақсатына жету шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бағалау және мониторингілеу белгілері әзірленді. Осы ұсынымдарды мүдделі құрылымдар жұмысында пайдалануға болады.
Бұдан басқа, Ішкі саясат департаменті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік проблемалар шешімінің үйлесімді үлгісін құрастыру үшін орындалған әлеуметтік маңызды жобалардың үздік тәжірибелерін зерттеп, жинақтайды.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік қарым-қатынасты және өзара әрекетті орнатуға қол жетті. Ал үкіметтік емес ұйымдар жергілікті билік органдарының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық мәнді мәселелер мен міндеттерді шешуге ынтасын түсінеді, әрі қуаттайды.
Бағдарламаны жүзеге асыру үндесудің жаңа үлгілеріне жан берді десек те болады. Ең сәтті үндесу алаңқайлары қатарында: облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, жастар ісі жөніндегі кеңес, үнемі жұмыс істейтін «Сұхбат-Диалог» «дөңгелек үстелі», үкіметтік емес ұйымдардың облыстық форумы және басқалары бар.
Аймағымыздың үкіметтік емес ұйымдары жоба қызметімен шектеліп қалмай, өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге, оларды іске асыруға көмектеседі. Соңғысының айқын көрінісі Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша облыстық шаралар жоспарын әзірлеу болып табылады. Бұған барлық азаматтық қоғам институттары, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Біздің бағдарлама республикалық деңгейде де жоғары бағаланды. Мәселен, Қазақстан Республикасының ІІІ Азаматтық форумындағы «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылу және мемлекет пен қоғамды жеделдете  жаңғырту жағдайында Қазақстанда үкіметтік емес ұйым секторын дамытудың жай-күйі мен келешегі» атты ұлттық баяндамада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы көлемі жағынан елімізде 4-ші орынға ие екендігі айтылды.
Аталмыш баяндамада Шығыс Қазақстан облысының консультативтік-кеңесші органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша оңды тәжірибесі жайлы айтылды, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің жұмысы да атап өтілді. Сонымен қатар облыстық Азаматтық Альянстың қызметіне жоғары баға берілді. Бұл Альянс бағдарламаны жүзеге асыру арқасында құрылған болатын.
2006 жылғы қыркүйек айында облыстың бірінші Азаматтық форумында атаулы бірлестіктің ресми құрылғандығы жарияланды. Оның құрылтайшылары облысымыздың 19 жетекші үкіметтік емес ұйымдары болды. Қазіргі уақытта Альянс мүшелері 40-тан астам.
Осылайша, облыстың мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдарының арасындағы серіктестік қарым-қатынас жүйесін тұрақты және тиімді құруға бағытталған 2006-2007 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жөніндегі аймақтық бағдарламаның міндеті толығымен орындалды.