DataLife Engine > Главная > 30.08.2010 Менің елім, менің Конституциям!

30.08.2010 Менің елім, менің Конституциям!


30 августа 2010. Разместил: admin
 
       30 тамыз күні өскемендіктер Конституцияның 15-жылдық мерекесін кең ауқымда атап өтті. Басқа да бірқатар іс-шаралармен қатар «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС қызметкерлері «Менің елім, менің Конституциям!» - «Моя страна, моя Конституция!» патриотттық акциясын өткізді.

       Акция аясында халық арасында сауалнама жүргізілді, оған 100-ден астам адам қатысты. Сауалнамаға қатысқандар «Сіз Конституцияны оқыдыңыз ба?», «Казақстандықтар бүгін қандай мерекені атап өтуде?» және с.с. сауалдарға жауап берді. 
       Сондай-ақ мерекеге жиналғандардың төсіне «қазақстандық ленталар» тағылды. Арнайы қазақ ою-өрнегімен әсемделіп әзірленген көгілдір ленталар барлығына ұнады. 
       Әсіресе жастар ойының стенді айналасына көп адам жинаған еді. Ақ баннерге қала тұрғындары мен қонақтары «Мен өз Отанымды не үшін сүйемін?» деген сұраққа жауап жазды. Жауаптар да алуан түрлілігімен өзіне назар аударған еді, мәселен:

•    Я сытый, довольный, у меня нет проблем! Спасибо крутому Президенту!
•    Жасай бер, Қазақстан!
•    Болашағы зор Республика!
•    За мирное небо и внимательное отношение к детям и всему народу Казахстана!
•    За стабильность и дружбу!
•    За реальных пацанов!
•    За красивых  казахстанских девушек!
•    За то, что он есть!
•    Наша казаша самая дружная!
•    За стабильность, за мир!
•    За все!
•    За то, что она родная!

 
       - Біз акцияға қатысуға ниет білдірушілер осыншама көп болады деп ойламаған едік, - дейді ШҚО талдау және болжау институтының қызметкері А. Әшімова, - «қазақстандық ленталарды» талап алды. Әдеттегі күні тұрғындардың сауалнамаға қатысуға көп ниеті бола бермейді. Ал бүгін барлығы да сұрақтарға ықыласпен жауап беріп жатыр, барлығының да көңіл-күйі көтеріңкі, ізгі ниетті.  Жастар ойының стендінде тек жастар ғана емес, аға буын өкілдері де өз тілектерін жазып қалдырды. Азаматтардың белсенділігі, олардың отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін білдіруге деген ниеттері бізді қуантып отыр.
        Пікіртерім нәтижесі бойынша 100 адамның 12-і Конституцияны оқымағаны және оны өмірлерінде пайдаланбағаны анықталды. Бұл негізінен, нәзік жандылар екен. Айта кетер жайт, 15 жастағы сауалнамаға қатысқан екі жасөспірім өздерінің қандай мейрамды атап өтуге келгендерін білмеген болып шықты. Бір қуаныштысы, мерекеге қатысуға келгендердің басым бөлігі ҚР Конституциясын оқып, оған қатысты білімдерін күнделікті өмірде қолданады.
       - Конституцияда біздің барлық құқықтарымыз жазылған ғой, оны қалай оқымасқа! –  дейді 62 жастағы қария Арина Леонидовна.
Акцияны ұйымдастырушылар акцияның алдына қойылған мақсаты орындалды деп есептейді. Өйткені акция жастарды белсендіру, тұрғындарға патриоттық тәрбие беру және еліміздің тарихи өткен күніне азаматтық қатысуын сезінулеріне мүмкіндік беру, мемлекет басшылары қызметінің тиімділігі тікелей халыққа байланысты екендігін, қандай да бір идеяның төңірегіне біріктіруге қаншалықты мүмкін екендігін түсінуге мүмкіндік беруді мақсат етіп қойған еді.