DataLife Engine > Главная > 26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі анықталды

26.08.2010 Үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі анықталды


26 августа 2010. Разместил: admin
 
      ШҚО талдау және болжау институтында Шығыс Қазақстан блысындағы үкіметтік емес ұйымдардың даму деңгейі жөніндегі дөңгелек үстел отырысы болды.  Оған қатысқан мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ШҚО талдау және болжау институты жүргізген әлеуметтік зерттеу қорытындыламын танысып, осы орайдағы өз ойларын да ортаға салды.


       Зерттеумен таныстырған Институт директоры Олег Чернышов: «Мен үкіметтік емес ұйымдарды қызмет барысы ашық деген сенімде едім. Өкінішке орай зерттеуге қатысуға шақырылған Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында жұмыс істейтін 65 ұйымның 24-і ғана сауалнама парақтарына жауап бергенде, бұл ойымнан айныдым. Қатысудан бас тарту себептері беймәлім»,-деп зерттеу кезінде кездескен проблемалар жөнінде айтты. Бұған қатысты қатысушылар соңғы кезде үкіметтік емес ұйымдарға көптеген ұйымдар тарапынан түрлі сауалнамалардың келіп түсетінін, оған жауап беріп отырудың ұзақ уақыт қажет ететінін, сол сауалнамалардың нәтижесі түсініксіз екенін уәж етті.

       Облыстағы үкіметтік емес ұйымдар Шығыс Қазақстандағы үкіметтік емес сектордың даму деңгейі төмен деп бағаласа да, қаражат, биліктен көмек және заңнама жетілдірілсе, көптеген проблемаларды шешіп тастауға күші жетеді деп ойлайды екен.

       Бір қызығы сол, зерттеуге қатысқан үкіметтік емес ұйымдар өкілдері  Қазақстанның аумағында жұмыс жүргізіп жүрген халықаралық ұйымдар мен қорлардың шынайы мақсаттарына сенімсіздік білдірсе де, олардан қаржылай көмек алуға мүлде қарсы емес.

       Зерттеу қорытындылары бойынша облыста қызмет ететін ұйымдардың ішіндегі ең белсенділері «ШҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ, «Зубр» ӘКҚ, «ШҚО жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Исток» ҚБ, «Статус» ҚБ, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ екен.

       Отырысқа қатысқан үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыбір өзекті мәселені ұзақ талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

       «ШҚО-дағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуы» дөңгелек үстелінің ұсынымдары:

1.    Мемлекеттік органдар, БАҚ және ҮЕҰ қатысуымен іс-шаралар өткізіп, азаматтық қоғам қызметін БАҚ-та мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жариялау мәселелерін көтеру.
2.     Тәжірибе және ақпарат алмасу мақсатында осындай шаралар өткізіп тұру.
3.    Мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылған жобалармен өзге ҮЕҰ өкілдерін танысытырып  отыру.
4.    Мемлекеттік билік, бизнес және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесулерін өткізіп, бір-бірінің мұқтаждықтарын анықтап, серіктестік құруға қадам жасау.
5.    ҮЕҰ жүзеге асырып отырған жобалар мен бағдарламалар туралы ақпарат алмасу мақсатында ақпараттық кеңістікті кеңейту.
6.    ҮЕҰ анықтамалығын шығару.
7.     ШҚО ішкі саясат басқармасының сайтында келесі жылға ұсынылған лоттар атауларын жариялау.
8.     Мемлекеттік органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа конкурсты ашық конкурс түрінде өткізуді ұсыну.