Үстіміздегі жылдың 4 тамыз күні
ШҚО талдау және болжау институтында Еуропалық құқық сараптама
институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор М. С.
Башимов жергілікті азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету барысы, адам
құқықтарының шетелдерде қаншалықты сақталатындығы жайлы сөз қозғалды.
Халықаралық деңгейдегі заң ғылымдарының докторы М. Башимов адам
құқықтарының сақталуындағы өзінің тәжірибесінен мысал келтіре отырып,
Қазақстанның және басқа да ТМД елдерінің әлеуметтік салада адам
құқықтарын сақтауға ұмтылатын мемлекеттер екендігін атап өтті. Қызықты
дерек пен дәйекке толы мағлұмат берген профессорға жиналған қауым өз
сұрақтарын қойды. М.Башимов Шығыс Қазақстан облысындағы әр салада
әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып
отырған Талдау және болжау институтының жұмысына жоғары баға берді.
Азаматтық қоғам өкілдерімен өткен кездесуден кейін М. Башимов пен білім
беру жүйесінің қызметкерлерінің кездесуі өтті.
|