2010 жылы 10 тамызда ШҚО
Ассамблеясының халықтар Достығы үйінде өткен ШҚО әкімі жанындағы
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Қоғамдық кеңес жанындағы экология
және денсаулық сақтау бойынша сарапшылар жұмыс тобының атқарған
жұмыстары туралы есеп тыңдалды. Сарапшылар тобы жұмысының нәтижесі
бойынша отырысқа қатысқан осы салаға жауапты мемлекеттік органдарының
өкілдерімен анағұрлым тығыз байланыста жұмысты жалғастыру туралы шешім
қабылданды. Күн тәртібіндегі кезекті мәселеде әкімдік пен ШҚО
кәсіпорындарының арасындағы қол қойылған меморандумдардың орындалу
барысы туралы айтылды. Мемлекеттік жеке серіктестік жайында баяндама
жасаған «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту оралығы» ҚҚ директоры Н.
Сафонова өз сөзінде Шығыс Қазақстан облысында қол қойылған
меморандумдарды жүзеге асырудың нақты механизмдері мен мемлекеттік жеке
серіктестік үшін басымды бағыттарды таңдау критерийлері жоқ деп атап
өтті. Отырыста қаралған үшінші мәселе – «Балапан» мемлекеттік
бағдарламасы бойынша балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен
қамтамасыз ету болды, оны жүзеге асыру 2014 жылға дейін жоспарланып
отыр, бұл уақытта ШҚО мектептке дейінгі жастағы балаларға 17 775 орын
ашу жоспарланып отыр. «ШҚО білім беру басқармасы» ММ бастығы Е. А.
Нәбиевтің айтуына қарағанда, өңір бойынша 34 мыңнан астам бала мектепге
дейінгі біліммен қамтылмаған. Өскемен қаласында биылғы жылы ШҚО
кәсіпорындарымен бірге мемлекеттік жеке серіктестік аясында салынып
жатқан 3 жаңа балабақшаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бағытта
жемісті әрі нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Отырыстың қорытындысы бойынша
қоғамның атынан мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мақсатына
арналған әлеуметтік жобаларды бұрын жекешелендіріліп алған өңір
кәсіпкерлеріне үндеу әзірлеу ұсынылды.
|