DataLife Engine > Главная > 06.08.2010 Жастар белсенділерінің мектебі - 2010
06.08.2010 Жастар белсенділерінің мектебі - 20106 августа 2010. Разместил: admin |
|
Шығыс Қазақстан облысының Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы
ШҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен 2010 жылғы 2-6 тамыз аралығында
«Алтай Альпасы» демалыс базасында, «Өскемен қаласында жастар ұйымдары
мен жастарға арналған ресурстық орталықтың қызметін қамтамасыз ету»
жобасы аясында Жастар белсенділерінің мектебі - 2010 іс-шарасын
өткізді.
Мектепке ШҚО жастар ұйымдарының өкілдері, бастамашыл топтардың мүшелері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мемлекеттік қызметкерлер, жастармен жұмыс жүргізетін мамандар қатысты. Барлығы 36 адам. Іс-шараның негізгі мақсаттары және міндеттері жастарды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге тарту, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы жастар ұйымдары арасында қарым-қатынас орнату және нығайту, жастар бастамаларын дамыту, жастар ұйымдары мамандары мен басшыларының біліктілігі және құзыреттілігін арттыру. Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Альянсының төрағасы О.В. Чернышов және «Зубр» әлеуметтік-корпоративтік қорының жаттықтырушылары О. Образцова, Н. Васильева мектепке қатысушалар үшін оқыту семинарларын, шеберлік сыныптарын, студия шебері тәрізді бағдарламалар өткізді. Облыстағы әлеуметтік мәселелер және өзге де проблемаларды шешуге бағытталған өз жобаларын таныстыру және қорғау мектепке алғаш рет қатысып отырған жастар үшін қорытынды сынақ болды. Бұл сынаққа барлығы 5 жоба ұсынылды. ШҚО ішкі саясат басқармасының өкілдері ұсынылған жобаларға сарапшылар ретінде баға берді, тұсау кесердің қорытындысында аталған жобаларды одан әрі жақсартуға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар берілді. |