DataLife Engine > Главная > 14.07.2010 ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау
14.07.2010 ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік шығындардың нәтижелілігін бағалау14 июля 2010. Разместил: admin |
![]() Бұл жобаның мақсаты ШҚО тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтаудағы бюджеттік бағдарламалардың мөлдірлігі мен тиімділігін арттыру болып табылады. Қатысушылардың сөзіне құлақ ассақ, мемлекеттік шығындарды пайдаланудың тиімділігі көбінесе тек дәрігерлерге ғана емес, ең алдымен шұғыл шешім қабылдаудың деңгейіне байланысты болады. Көп жағдайларда бұл басқарудағы дұрыс шешімдер қабылдауда қолды байлайтын заңдардың жетілдірілмегендігінен көрініп жатады. Бағасы қымбат жаңа медициналық жабдықтың сервистік қызметінің жоқтығы, персоналды оқыту және ҚР аумағынан тыс қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т.б. көптеген факторлар ҚР денсаулық сақтау жүйесін халықаралық деңгейде арттыруға және көтеруге тікелей көмектеседі. 2010 жылдың аяғында қорытындылау жоспарланып отырған бұл жобаның нәтижесі бойынша ұсынымдар әзірленіп, құзыретті органдарға жіберілетін болады. |