DataLife Engine > Главная > 08.07.2010 Азаматтық бастама

08.07.2010 Азаматтық бастама


8 июля 2010. Разместил: admin
 
       2010 жылы 8 шілде күні ШҚО талдау және болжау институтында ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Азаматтық қатысудың негіздері» тақырыбында «ЖӨБДО» ҚҚ мен ШҚО Азаматтық қоғам альянсының ұйымдастырған семинары өтті.

       Семинар барысында шараның тренер-кеңесшісі болған «ЖӨБДО» ҚҚ директоры Сафонова Н. В. үлкен жұмыс атқарды. Азаматтық қатысудың жалпы түсінігі мен принциптері бойынша шағын дәріс беріліп, азаматтық қатысуға қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ төңірегінде тұсаукесер өткізілді. Семинарға қатысушылар топтарға бөлініп жұмыс істеді, сонымен қатар жеке адамдармен де жұмыс жүргізілді.
       Қорытындысында семинарға қатысушылар азаматтық қатысуды арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеп, өткізілген семинарға қатысты өздерінің жағымды ой-пікірлерін жеткізді.
       Әзірленген ұсынымдар 2010 жылғы 9 шілдеде «ШҚО азаматтық бастамаларды дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстел басында жиналғандарға ұсынылды.
       Аталмыш  дөңгелек үстел барысында «ЖӨБДО» ҚҚ директоры Сафонова Н. В. азаматтардың жергілікті басқаруға қатысу тәжірибесі туралы айтып өтті.
       Жергілікті өзін-өзі басқару кеңестеріңнің қызметі туралы Өскемен қ. маслихатының хатшысы Головатюк В.М. баяндама жасап, өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің атқарған жұмыстарының нәтижелі болғандығын, сонымен қатар халықтың мәселелерін шешу үшін азаматтық бастаманы қажеттігі жайында айтып өтті. 
       Социология ғылымдарының кандидаты Столярова Э.О. өз баяндамасында жастарды азматтық белсенділік негізі ретінде қоғамдық-саяси әлеуметтеніру жайында сөз қозғап, жастарды қоғамдық мәселелерді шешуде әлеуметтік серіктестікке үйрету қажет екендігін атап өтті.
       Қоғамдық мәселелерді шешудегі жастар маслихатының және жастар бастамасының ролі туралы Өскемен қ. Жастар маслихатының хатшысы  Селезнев Р.В. баяндама жасады.  Оның тұсаукесерінен кейін дөңгелек үстел басына жиналғандар жастар маслихатының атқарған жұмыстарына қатысты өздерінің оң пікірлерін айтып, оның жұмысына жастарды көптеп тарту қажеттігін атап өтті.
       Қорытындысында қатысушылар әзірленген ұсынымға өздерінің қосымша ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» конференцияларының әзірлемелерін енгізу, лоттарды қоғамның пікірін ескере отырып құру, сонымен қатар ақпараттық кеңістік құру ұсынылды.