DataLife Engine > Главная > 02.06.2010 Казахстан мен Польшаның тәжірибесі
02.06.2010 Казахстан мен Польшаның тәжірибесі2 июня 2010. Разместил: admin |
![]() Осы шарада Польшаның қонағы Ursa Konsalting өкілі Мирослав Воровицки қатып, Польшаның жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі және қоғамдық қатысуы туралы әңгімеледі. Жаттықтырушылар - кеңесшілер мемлекеттік қызмет сапасының жоғарылауы саласында «Ашық басқару – Мөлдір Қазақстан» жобасының тәжірибесі туралы, қоғамдық қызмет түсінігі бойынша лекциялар өткізді. Қатысушылар өткізілген семинар туралы жақсы пікірлерін айтты . Мемлекеттік органдардың қызметтерін жоғарылату бойынша ұсынымдар 2010 жылдың 3 маусым күні « Жергілікті өзін-өзі басқару және болашақта мемлекеттік және ШҚО жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет атқару сапасының жоғарылату» дөңгелек үстелде шығарылған. Осы дөңгелек үстелде Сорос – Қазақстан қорының саяси сұрақтары бойынша кеңесші - Жанибек Хасан Қазақстандағы қазіргі тандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі дамуының мәселелері және болашағы туралы әңгімеледі. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызмет аткаруының сапасы туралы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ бастығы Сафонова Н В әңгімеледі, және де осы жобаның өзектілігімен оның ары карай дамуының кажеттілігін атап өтті. Мөлдірлік қағидалары, қоғамның қатысуы, қоғам мен биліктің екі жақтық әрекеттестігі, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің мониторингі және енгізу бағасын өткізу туралы Ursa Konsalting өкілі Мирослав Воровицки сөз сөйледі. ШҚО білім басқармасының басшысы Нәбиев Е. А., білім беру сапасының арттыру бойынша баяндама жасады, сонымен қатар балалардың сапалы білім алу үшін басқаруды автоматтандыру, электрондық оқулықтардың технологиясын өңдеу кажетілігін мәлімдеді. Риддер каласының «Незабудка» ҚБ директоры Платонова А М , Риддер қаласыңдағы «Ашық басқару-мөлдір Қазақстан» жобасының жүзеге асуы туралы әңгімеледі. Менталитті және жергілікті бірлестіктердің даму ерекшеліктері есепке ала жергілікті өзін-өзі басқару қағидаларын енгізуді жылдамдату мақсатымен өкімет пен халықтың серіктестік механизмы жасалған болатынын айтты. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар семинарда жасалған ұсынымдарға қосымшалар енгізді. Сонымен қатар, әртүрлі кітапханалардың базасында мемлекеттік органдар сайттар жұмысы бойынша халықты оқыту бағдарламасын өңдеу ұсынылған болатын. |