DataLife Engine > Главная > 28.05.2010 Дін мәселелеріне арналған семинар өтті

28.05.2010 Дін мәселелеріне арналған семинар өтті


28 мая 2010. Разместил: admin
 
       28 мамыр күні ШҚО талдау және болжау институтында “Единство» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни культтер  және  діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша оқыту-семинары өтті.
       Ислам дінінің ағымдары жөнінде Өскемен қаласындағы орталық мешіттің наиб-имамының көмекшісі Н.Әбікешов, христиан дініндегі ағымдары жөнінде «Единство» ҚБ төрағасы С.Лебедев әңгімелеп беріп еді, аталған тақырып қатысушылардың қызығушылығын оятты.
       Қатысушылар, әсіресе, діни экстремизмге, қауіпті культтердің жұмысына қатысты  мемлекет, мешіт, храмдар  тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде көптеген сұрақтар қойды.
       Психолог Т.Сорокина адамның деструктивті секталарға кіруінің 3 кезеңін жіктеп, мәселенің басын ашып берді.
       Отырыс соңында қатысушылар семианрдың жұмысын жоғары бағалады.