DataLife Engine > Главная > 21.05.2010 Жол картасы қалай жүзеге асырылуда?

21.05.2010 Жол картасы қалай жүзеге асырылуда?


21 мая 2010. Разместил: admin
 
     Ағымдағы жылдың 21 мамырында ШҚО әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Жол картасының» жүзеге асырылу барысы тақырыбындағы Селекторлық кеңес болып өтті. Аудиоконференция түрінде өткізілген отырысқа облыс әкімінің орынбасары С.Әбденов, мемлекеттік органдар өкілдері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
     С.Әбденов атап өткендей, отырыстың басты мақсаты – «Жол картасын» жүзеге асыруға жұртшылық өкілдерін қатыстыру, қоғамдық посттар жұмысын жалғастырып, өткен жылда орын алған келеңсіздіктердің осы жылы алдын-алу екен.
     Негізгі баяндаманы ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Л.Себепбаева жасады.
     Қатысушылар негізінен жұмысын дұрыс атқармай отырған мердігерлер, ашық жатқан канализация люктері және жол жұмыскерлерінің еңбекақысы  жайында сұрақтар қойды.
     Отырыстың соңынан С.Әбденов басқармалар жұмысын жеделдету қажеттігін және мердігерлермен  келісім-шарттарда уақтылы ескеру үшін жұмыс алгоритмдерін әзірлеу керектігін айтты.