DataLife Engine > Главная > 13.03.2008 «Жаңалықтар» айдарына ақпарат Наурыздың 13 күні
13.03.2008 «Жаңалықтар» айдарына ақпарат Наурыздың 13 күні13 марта 2008. Разместил: admin |
|
«Жаңалықтар» айдарына ақпарат Наурыздың 13 күні Халықтар
Достық үйінде облыстың қала және аудан саяси-қоғамдық және әлеуметтік
сұрақтар бойынша әкімдердің орынбасарларымен, ішкі саясат бөлімдерінің
меңгерушілерімен саяси-қоғамдық жағдайдың мониторингін қамтамасыз ету
жөнінде семинар – кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында 2007 жылы ішкі саясат департаментінің атқарған жұмысына қорытынды жасалып, 2008 жылға қойылған міндеттер анықталды. Ішкі саясат департаментінің директоры Т.Т. Түсіпбеков баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл – ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауының аясында мемлекеттік ақпараттық саясаттың басты басым бағыттары талқыланып, қала және аудан ішкі саясат бөлімдерінің азаматтық қоғам институттарымен бірлескен жұмыстары қарастырылды. Саяси-қоғамдық жағдайдың мониторингін ұйымдастыру тәжірбиесіне соның ішінде діни және ұлтаралық мәселеге ерекше көңіл аударудың қажеттілі туралы айтылды. Семинардың екінші бөлімін Талдау және болжау институтының мамандары жүргізді. Саяси-қоғамдық жағдайдың мониторингі және жүргізілген зерттеудің қорытындысы «Шығыс Қазақстан тұрғындарының саяси-қоғамдық бірлестіктерге, саяси партиялардың іс-әрекетіне деген қарым-қатынасы» атты тақырыбы бойынша Талдау және болжау институтының директоры О.В. Чернышов баяндама жасады. |