DataLife Engine > Главная > 23.04.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы Семейде өтті

23.04.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы Семейде өтті


23 апреля 2010. Разместил: admin
 
       Ағымдағы жылдың 23 сәуірі күні  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңестің Семей қаласындағы көшпелі отырысы болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасраы Түсіпхан Түсіпбеков, ішкі саясат басқармасының бастығы Әлмира Бақтиярова, Қоғамдық кеңес мүшелері, Семей қаласының  атқарушы, өкілетті билік, азаматтық қоғамд өкілдері қатысты.

       Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин пен төраға орынбасары Олег Чернышов, жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Корешков Қоғамдық кеңес жұмысын ұйымдастыру, ол арқылы аймақтық мәселелердің шешімін табу жөнінде айтып берген соң, семейліктер билік пен азаматтық қоғам серіктестігінің өз тәжірибесімен бөлісті.
       Семейлік үкіметтік емес ұйымдар мен партия өкілдері аталмыш тәжірибенің айқын көрінісі болған Үйлестіру кеңесінің қазіргі уақытта жұмысы тоқтап тұрғанын, Семей өңіріне де осындай бір ұйымның қажеттігін мойындап, жергілікті атқарушы билік ладына осы жұмысты ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады.
       ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңес өкілдерінің бір түйгені сол, алдағы уақытта  Семей өңірінде осындай отырыстарды арнайы бағыттар бойынша жұмыс істейтін азаматтық қоғам өкілдерімен жекелей өткізу керек. Оның үстіне, облыстық Қоғамдық кеңес отырыстарында Семей өңірі үшін айрықша өзекті мәселелерді көтеру үшін, отырыстарға семейлік ұйымдар өкілдерін арнайы шақырған жөн.