DataLife Engine > Главная > 21.04.2010 Студенттер Альянсы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасауға әзір

21.04.2010 Студенттер Альянсы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасауға әзір


21 апреля 2010. Разместил: admin
 
       ШҚО талдау және болжау институтының «Шығыс» баспасөз орталығында Қазақстан студенттері Альянсының Өскемен қалалық ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлы Отан соғысы: жастар көзқарасымен» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара аталған ұйымның бесжылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін!» форумының аясында өткізілді.

       Отырысқа жастар ұйымдарының өкілдері, Семей қалалық  студенттер Альянсының мүшелері, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, оқытушылар мен билік өкілдері және Ауған соғысына қатысушы бұрынғы комсомол өкілдері қатысты.
       Әңгіме барысында жастар  ұйымдарының өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін жастардың не істей алатыны туралы ойларын бөлісіп, алға қойған жоспарларын айтты.
«Дөңгелек үстелдің» қорытындылары бойынша қабылданған Ұсынымдар сол күні облыстық Жамбыл атындағы театрда өткен форумда жарияланды.