DataLife Engine > Главная > 07.04.2010 Тұрғындардың баға және бағаның қалыптасуы жөніндегі пікірі

07.04.2010 Тұрғындардың баға және бағаның қалыптасуы жөніндегі пікірі


7 апреля 2010. Разместил: admin
 
       2010 жылдың 7 сәуірінде «Шығыс» баспасөз орталығында ШҚО талдау және болжау институты жүргізген «Бағалар динамикасы: тұрғындар пікірі» әлеуметтік зерттеуінің тұсаукесері өткізілді. 
       Зерттеу облыс тұрғындарының бағалар, бағалардың қалыптасуы, олардың тұрақтандыру мәселелері  және оның халық өміріне әсері жөніндегі пікірін жинақтаған болатын.
       Тұсаукесерге облыс әкімінің орынбасары Пинчук Григорий Васильевич, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
       Зерттеу нәтижелерін Талдау және болжау институтының жетекші сарапшысы Сергей Разваляев ұсынды.
       Қатысушылар баға өсуіне, оны тұрақтандыру жұмыстарына қатысты өз ойларын ортаға салды. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы В.Лопаткин бәсекелестікті қалдыптастыру керектігін айтса, «Нұр Отан» ХДП ШҚОФ төрағасы Т.Ибраев БАҚ-тың әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар жайын жаза бермейтіндігін атап көрсетті.
       Отырысқа қатысушылар  баға мәселелеріне қатысты ұсынымдарын да білдірді. Олар тиісті органдарға ұсынылатын болады.