DataLife Engine > Главная > 23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ форумы
23.12.2009 Шығыс Қазақстан облысы Жастарының ІХ форумы23 декабря 2009. Разместил: admin |
|
Жастар форумы 2009 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында облыс әкімі Б. М. Сапарбаевтың қатысуымен өткізілді. Оның басты міндеті жастарды біріктіру, жастардың азаматтық және шығармашылық әлеуетін дамыту, көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру, жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету болды. Форум жұмысына қатысушылар: қала мен аудан жастарының өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, облыстық басқарма бастықтары, ЖОО мен ОАОО басшылары, студенттер, ішкі саясат бөлімдерінің жастармен жұмыс жүргізетін мамандары, жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, БАҚ. Форум аясында «Алтай» технопаркінде 4 бағытта жұмыс істейтін секциялық сабақтар жүргізілді: «Жастар мен студенттер бастамаларын алға жылжыту механизмдері», «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жұмысшы жастардың ролі», «Жас мамандарды ауылға тарту механизмі. «Дипломмен ауылға» жобасы», «Этномәдени сұхбат мектебі: жастар Қазақстан халқының бірлігін қолдайды». Секция сабақтарынан кейін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеттің акт залында облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін» жүлдесіне лайық лауреаттарды келесі 7 номинация бойынша марапаттаудың салтанатты рәсімі өткізілді: 1.«Жылдың студенттік көшбасшысы» 2. «Жылдың жастар көшбасшысы» 3.«Жас кәсіби маман» 4.«Жылдың жас журналисі» 5.«Жылдың жастар ұйымы» 6.«Жас отбасы» 7.«Жылдың жастар акциясы» Іс-шара студент жастардың күшімен әзірленген мерекелік концертпен аяқталды. |