DataLife Engine > Главная > 16.11.2009 Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы
16.11.2009 Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы18 ноября 2009. Разместил: admin |
|
2009 жылғы 16 қарашада облыстық әкімдіктің ғимаратында ШҚО әкімі Б.
Сапарбаевтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев өңірдің алдыңғы қатарлы саяси күштері, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және ҰМО жетекшілерінің алдында «Мемлекет басшысының әлеуметтік салаға қатысты тапсырмаларын орындау туралы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жасалып болған соң қоғамдастық өкілдері «Жол картасы» бойынша келесі жылы тендер өткізуге қатысты, тұрғын үйлердің шатырын жөндеуге, кәсіпорындардағы жұмысшылардың жалақысын төлемеуге қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар отырыста стратегиялық маңызы бар «Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасы туралы» құжаты талқыланды. Азаматтарға жобаны түсіндіру мақсатында ШҚО халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі Т. Түсіпбеков баяндама жасады. |