DataLife Engine > Главная > 15.10.2009 Облыстық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы

15.10.2009 Облыстық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы


15 октября 2009. Разместил: admin
       Ақпараттық-насихаттау жұмысы шеңберінде үстіміздегі жылдың 6-шы қазанынан 9 қазан аралығында облыстық салааралық ақпараттық-насихаттау тобы Бесқарағай және Бородулиха аудандарында болып қайтты. Топ құрамында  ішкі саясат, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаны үйлестіру, білім беру, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының өкілдері болды.
       Ақпараттық-насихаттау тобы екі аудан орталығы, округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы түсініктер берілді. Барлығы 12 ауылдық және поселкелік округ тұрғындарымен кездесу өтті.
       Ауыл тұрғындарын толғандыратын негізгі сұрақтар: биылғы жылы өте жақсы болған ауыл шаруашылығы өнімдерін сату; мектеп бітірген балаларға кәсіби білім беру; облыстық медициналық мекемелердің шалғай аудандардан келетіндерге медициналық қызмет көрсетуі.