DataLife Engine > Главная > 23.09.2009 Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем

23.09.2009 Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем


23 сентября 2009. Разместил: admin
       2009 жылдың 23 қыркүйегінде Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл толу қарсаңында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе «Полигон жаңғырығы және ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференция өткізілді.
       Конференцияның жұмысы  төмендегі бағыттарда өтеді:
 - Ядролық жарылыстардан зардап шеккен тұрғындарды оңалту шаралары.
 - Бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағындағы азық-түлік шикізаттары мен тамақ өнімдерін санитарлық бағалау.
 - Экологиялық жағдайға мониторинг және қоршаған ортаны қорғау.
       Конференция жұмысына танымал тұлғалар, саясаткерлер, жоғары оқу орындарының белді ғалымдар қатысып, ядролық қарусыздану мәселесіне өз ойларын қосып, игі бастаманың жаршысы атанады.
       Ғылыми форум аясында Полковничий аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді, «Қазіргі заман талабындағы ядролық қарусыз әлем идеясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Университет кітапханасы, өлкетану мұражайы және Семей қаласының жаңа заман құжаттандыру Орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы антиядролық қозғалыс» мамандандырылған көрме өткізілді.