DataLife Engine > Главная > 21.09.2009 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы
21.09.2009 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы21 сентября 2009. Разместил: admin |
|
«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін
заңнамалық реттеу туралы» (асырап алған отбасы, патронат, қамқорлық,
асырап алу) тақырыбында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде
«Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің көшпелі отырысы.
21 қыркүйекте облыстық әкімдік ғимаратында «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы» (асырап алған отбасы, патронат, қамқорлық, асырап алу) тақырыбында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті. Отырысқа облыс әкімі Сапарбаев Б.М., Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Самакова А.Б., Утемисов Ш.А., Тарасенко Е.И., Бурханов К.Н., Ферхо С.И. қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға Министрліктер мен ведомстволар, облыстық басқармалар, үкіметтік емес ұйымдар, қамқорлық пен қорғаушы органдарының мамандары, балалар үйлері мен интернатты ұйымдарының басшылары қатысты. Отырыс барысында Неке мен отбасы кодексіне өзгерістер енгізу, патронат пен қамқоршылық институтын дамыту, балаларды асырап алу мәселелері қарастырылды. Отырыс нәтижесінде орталық және жерлілікті мемлекеттік атқарушы органдарына ұсыныстар қабылданды. |