DataLife Engine > Главная > 20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының Форумы
20.08.2009 Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының Форумы7 сентября 2009. Разместил: admin |
![]() Азаматтық қоғамды құрайтын түрлі қорлардың, бірлестіктердің, ұйымдардың саны, олардың түрлі өңірлер мен салалардағы үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы Республикада үшінші орын алады. Бүгінгі таңда облыста 605 ҮЕҰ тіркелген. Олардың қызметтерінің негізгі бағыттары: жастар саясатын іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ана мен баланы қорғау, экология, спорт және туризм салалары. ІІІ Азаматтық форумда жарияланған ұлттық баяндаманың деректері бойынша біздің өңір үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін бөлінетін қаржы көлемі бойынша Республикада төртінші орын алады. ![]() Ағымдағы жылы өңірлік «2008-2009 жылдары үкіметтік емес ұйымдарды қолдау» бағдарламасын қаржыландыру 17 млн. 400 мың теңгеден 21 млн. 800 мың теңгеге дейін, яғни 20% артты. Бұл қаржының 70% құрайтын өз кезегінде 18 млн. 445 мың теңгеге дейін жеткен бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бағытталған. 2008 жылы жалпы қалалар мен аудандардағы бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 3 млн. 905 теңгені құраса, ағымдағы жылы бұл сома 31% артып, 5 млн. 688 мың теңгеге жетті. Әлеуметтік қызметтер мен ресурс орталықтарын құру жайындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік қызметтер мен ресурс орталықтарын құру бағдарламаларын орындау бойынша жастар ұйымдарының бастамалары мен белсенділіктерін қолдауға 18 млн. теңге бағытталды. ![]() Шығыс Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы дәстүрлі іс-шара. Бұл сұхбат алаңының аясында ҮЕҰ мен атқарушы билік органдарының сындарлы өзара іс-қимылы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мәселелері талқыланады. Форум аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.С. Соловьева қатысқан қоғамдық тыңдау, белсенді үкіметтік емес ұйымдарды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті, сондай-ақ Астана қаласында өтетін IV Азаматтық Форумға Шығыс Қазақстан облысынан қатысатын делегаттар тізімі жарияланды. ![]() |