DataLife Engine > Главная > 18.08.2009 Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық институттардың әріптестігі
18.08.2009 Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық институттардың әріптестігі18 августа 2009. Разместил: admin |
|
18 тамызда
Өскемен қаласында «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты Қазақстандағы
БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан
облыстық филиалымен бірлесіп «Өңірлік проблемаларды шешуде азаматтық
институттардың әріптестігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын
өткізілді. Республикалық IV азаматтық форумның қарсаңында дөңгелек үстелге қатысушылар – ҮЕҰ, саяси партиялар өкілдері, мәслихат депутаттары Шығыс Қазақстан облысының проблемаларын шешудегі азаматтық қоғам институттары мен ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесін талқылады. XIX ғасырдағы француз саясаттанушысы А. Токвиль былай деген еді: «Демократиялық елдерде бірлестікті құра білу – қоғамдық өмірдің түпкі негізі; оның барлық басқа жақтарының прогресі осы саладағы прогреске байланысты болады». Осыған байланысты дөңгелек үстелге қатысушылар облыс жұртшылығының экономикалық дағдарысқа қарсы әрекеттерге қатысу белсенділігі, оның салдарын тұрғындар үшін жеңілдету, ҮЕҰ-нің индустриялық-инновациялық жаңғыруға қатысуы, экологиялық сұрақтарды шешу және облыс тұрғындарын сауықтыру проблемаларын қарастырды. Олар азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-әрекетін жақсарту, атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың пәрменділігін арттыру жолдары проблемаларын көтерді. Қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастырудың қазіргі таңдағы жергілікті және шетелдік тәжірибесі ортаға салынды. Осындай дөңгелек үстелдер биылғы жылы еліміздің тағы да төрт өңірінде өткізілетін болады. Осы ғылыми-практикалық жұмыстың қорытындысы Қазақстанда саяси әріптестіктің жалпыұлттық инфрақұрылымын жолға қою жөніндегі нақты шараларды талдап-жасау және атқарушы билік органдары, Парламент, қоғамдық бірлестіктер үшін тиісті ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болуға тиіс. |