DataLife Engine > Главная > 27.06.2009 Журналистер мерекесі
27.06.2009 Журналистер мерекесі27 июня 2009. Разместил: admin |
![]() Өткен сенбі күні аймақтың журналистер қауымы өздерінің төл мерекелерің атап өтті. Осыған орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баспа, телевизия және радио қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге аймақтың жүзден астам тілшісі қатысты. Олардың арасында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері бар. Шығыс Қазақстанның журналистер мектебі еліміздегі мықтылар қатарында. Бұл жерден республикалық ғана емес, шетелдік БАҚ-да табысты қызмет етіп жүрген журналистер тәрбиеленіп шықты. Айта кететін жағдай, Баспа, телевизия және радио күні қарсаңында «Семей таңы» газетінің ұжымы қарусыздандыру және ядролық сынақтарды тоқтау тақырыбын белсенді жария еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің грантын иеленді. Қазақстан Журналистер Одағы Басқармасының шешімімен журналистикадағы жетістіктері мен оған қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстанның ардагер журналистері Жұмәділ Әділбаев, Қарлығаш Бисалбаева және Ғаббас Қапышев «Қазақстанның құрметті журналисті» белгісімен марапатталды. Ал Күршім ауданының «Рауан Заря» газетінің бас редакторы Бақыт Жұматова және облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Владимир Карелов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грамоталарымен аталып өтті. Бұл наградалар аталған адамдардың ерен еңбегінің, белсенді азаматтық позициясының және өз ісіне адалдықтарының дәлелі. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстанда «Журналистикаға қосқан үлесі үшін» облыс әкімінің сыйлығы жеті номинация бойынша тапсырылды. Конкурстық комиссия 79 үміткерден жеңімпаздарды анықтады. Тілшілер сыйлығын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі тапсырды. «Біз қазақстандықпыз» номинациясы сыйлықты бойынша өңірдің күнделікті өмірін белсенді жария етіп жүрген «Хабар» агенттігінің Семей қаласындағы меншікті тілшісі Болат Көкенайұлы иеленді. «Мықты экономика – мықты өңір» номинациясында «Астана» телеарнасының тілшілер қосының жетекшісі Ирина Якунина үздік деп танылды. «Әлеуметтік жауапкершілік» номинациясында «Қазақстан» РТРК-ның меншікті тілшісі Олжас Керейдің жұмыстары комиссияның көңілінен шықты. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы – оның сюжеттеріндегі басты тақырыптардың бірі. Облыстық «Дидар» газетінің ұжымына «Ұлттық мұра» номинациясында сыйлық тапсырылды. Дидарлықтар көптеген жылдар бойы ұлтаралық келісімді уағыздап, облыс аумағында тату-тәтті тұрып жатқан ұлттардың салт-дәстүрі туралы жазып келеді. Ал «Азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім» наминациясында «Рудный Алтай» газеті ұжымының еңбегі айрықша деп танылды. Газетке үнемі «Достық үйі» қосымшасы қоса басылады. Онда Шығыс Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті паш етіледі. «Авторлық жоба» номинациясындағы сыйлық «Алва ТВ» телекомпаниясының ұжымына бұйырды. Сондай-ақ, бұл күні бірқатар журналистерге облыс әкімінің грамоталары да тапсырылды. Олардың арасында Дмитрий Крюкович («Хабар»), Оңдасын Елубай («Егемен Қазақстан»), Виктория Шевченко («Казахстанская правда»), Миргүл Берікболова («Айқын»), Ольга Сизова («Деловой Казахстан»), Лейла Оразбаева («Казақпарат»), Юлия Чернявская («Мегаполис»), Александр Подойников («КТК»), Жұмәділ Әділбаев («Дидар»), Мұратбек Оспанов («Абай»), Қабдылқайыр Құдайбергенов («Рудный Алтай»), Евгения Чех ( «Қазақстан» РТРК» ШҚФ), Самат Секенов («Вести Семей»), Евгений Черкашин («Мой город») бар. Грамоталар фотограф Сергей Суров («Рудный Алтай») пен бейнетүсіруші Владимир Вострецовқа («КТВ-5») тапсырылды. Аймақ басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының біздің бүгінгі өмірімізге ықпалы зор екенін атап көрсетті. Қазіргі таңда журналист ақпараттандырумен қатар, қоғамдық сана мен саяси мәдениетті қалыптастыруға белсенді ат салысады. «Шығыс Қазақстанның журналистері бұл міндетті табысты орындап келеді. Біздің ортақ жетістіктеріміз туралы материалдар және шынайы сын аймақтағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге көмектесіп, өзара ынтымақтастықты жемісті етеді. Сіздерге шығармашылық табыстар мен кәсіби жеңістер тілейміз! Әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз лайықты бағалансын!», - деді журналистерді құттықтаған облыс әкімі. Сондай-ақ, бірқатар салалық басқармалардың басшылары да тілшілерді төл мерекелерімен құттықтады. |