DataLife Engine > Главная > 20.05.2009 Көшпелі «дөңгелек үстел» отырысы
20.05.2009 Көшпелі «дөңгелек үстел» отырысы20 мая 2009. Разместил: admin |
![]() Жұмыс барысында Курчатов қаласында, Бесқарағай ауданының Баскөл, Бесқарағай, Канонерка, Глуховка, Жыланды ауылдарында көшпелі дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Ақпараттық-насихаттау тобының құрамына Ішкі саясат басқармасының, Әділет департаментінің, Ішкі істер департаментінің өкілдері, Өскемен орталық мешітінің имамы, «Единство» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды. Қала және аудан жұртшылығымен өткізілген кездесулерге мемлекеттік атқарушы, құқыққорғау органдарының, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, діни бірлестіктер жетекшілері, жастар және әр түрлі санаттағы тұрғындар қатысты. Кездесу барысында бірқатар сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Бүгінгі таңда Курчатов қаласында 2, Бесқарағай ауданында 15 діни бірлестік қызмет атқаруда және олардың тарапынан Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзу фактілері орын алған жоқ. |