DataLife Engine > Главная > 16.04.2009 Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың азаматтық қоғам институт өкілдерімен кездесуі
16.04.2009 Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың азаматтық қоғам институт өкілдерімен кездесуі16 апреля 2009. Разместил: admin |
|
Шығыс Қазақстанда билік пен азаматтық қоғам арасында ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестіктің үлкен тәжірибесі жинақталған. Консультативтік-кеңесшіл органдар және сұхбат алаңдары белсенді жұмыстар атқаруда. Билік өкілдері мен азаматтық қоғам институттарының осындай сындарлы қарым-қатынастары мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, шешімдер қабылдауға азаматтардың қатысу деңгейін арттырады, бұл демократиялық үрдістерді дамытудың маңызды элементі болып табылады.
16-сәуірдегі облыс әкімінің азаматтық қоғам институттары өкілдерімен кездесуінде өзекті мәселелер мен өңір дамуындағы міндеттерді шешу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және келісімді сақтау бойынша одан әрі ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Облыс әкімі қоғамның әр саласының дамуына қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды. Билік пен азаматтық сектордың келелі мәселелерді шешу жолындағы біріккен жұмысы қарым-қатынастың анағұрлым биік деңгейіне жетіп, нәтижелі болуы үшін осындай кездесулер дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады. |