DataLife Engine > Главная > 06.04.2009 Елбасының Жолдауын түсіндіру – басты міндет

06.04.2009 Елбасының Жолдауын түсіндіру – басты міндет


6 апреля 2009. Разместил: admin
       Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауын насихаттау жұмыстарын облыста 2009 жылы 19 облыстық мекемеаралық, 142 қалалық, аудандық және  ауылдық округтер деңгейінде 609 ақпараттық-насихат топтары жүргізеді. Барлық санаттағы топтар құрамында 3682 адам жұмыс атқарады.

       Облыс әкімі бекіткен кестеге сәйкес, ағымдағы жылғы наурыздың 13-нен 20-на дейінгі аралықта облыстық ақпараттық-насихат топтарының облыстың барлық қалалары мен аудандарына ел Президенті Жолдауын түсіндіру бойынша сапарлары ұйымдастырылды. 68 кездесу өткізіліп, 5452 адам түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.


       Облыстық насихат топтарының мүшелеріне түскен негізгі сұрақтар:

-    мамандар даярлау және қайта даярлау (Аягөз, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха аудандары);
-    жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету (Абай, Шемонаиха аудандары);
-    қайта қаржыландыру және несие беру (Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Зайсан, Зырян аудандары);
-    жолдарды (Өскемен қаласы, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха аудандары), су құбырлары жүйесін (Катонқарағай ауданы), оқу мекемелерін, емдеу орындарын (Абай, Зайсан, Зырян аудандары) жөндеу;
-    көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдау, несиелендіру, субсидиялау, жанар-жағар маймен, тұқыммен, тыңайтқыштармен, техникалармен және т.б. қамтамасыз ету (Риддер қ., Аягөз, Үржар, Шемонаиха аудандары) және т.б.

       2009 жылдың 6 сәуіріне қарағанда, әр санаттағы қалалық және аудандық насихат топтарының мүшелерімен, Жолдаудың шыққанынан бастап 1285 кездесулер, 159 «дөңгелек үстел» отырыстары және семинарлар өткізілді. Жұмыстың барлық түрімен 82140 адам қамтылды.