DataLife Engine > Главная > 05.03.2009 Жұмыс тобы мүшелерінің кездесуі
05.03.2009 Жұмыс тобы мүшелерінің кездесуі5 марта 2009. Разместил: admin |
|
Шығыс Қазақстанда 2008 жылғы 3 қарашада облыс әкімі мен көпшілік саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар жетекшілері арасындағы жасалған өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жалғасуда. Саяси партиялардың бастамасымен құрылған әлеуметтік қайшылықтар мен дау-жанжалдар туындаған жағдайда бірігіп қарау және шешімдер қабылдау жөніндегі арнайы жұмыс тобы бұл бағыт бойынша нысаналы жұмыстар жүргізуде. 5 наурыз күні Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да жұмыс тобының мүшелері, 2-ші деңгейдегі банк және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдерімен дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында несие беру шарттарын түсіндіру және ақпараттау мәселелері бойынша кездесу өткізді. ![]() Саяси партиялар және қоғам ұйымдар басшыларын сондай-ақ қосымша мемлекеттік білім беру гранттар мен несиелер алу тәртібі қызықтырды. Бұл сұрақтарға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ өкілдері жауап берді. |