DataLife Engine > Главная > 17.02.2009 «СҚЖЕЖ және» «Жасыл ел» міндеттері
17.02.2009 «СҚЖЕЖ және» «Жасыл ел» міндеттері17 февраля 2009. Разместил: admin |
|
2009 жылдың 17 ақпанында студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары және «Жасыл ел» жасақтарының 2008 жылғы жұмыстарының қорытындысы, 2009 жылға міндеттері бойынша отырыс өтті.
Республикада жыл сайын жастардың белсенділігі артуда. Оның жарқын бір айғағы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың студенттік құрылыс жастар жастар еңбек жасақтарын және «Жасыл ел» жасақтарын жандандыру жалпыұлттық бастамасын іске асыру. Бастама бүкіл Қазақстан бойынша абырой жинауда, Шығыс Қазақстан ең біріншілердің бірі болып оны жандандырды. Бүгінгі күнде жастардың еңбек қозғалысында жақсы дәстүр қалыптасқанын тартынбай айтуға болады. 2008 жылғы еңбек семестрі президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының басталуымен ерекшеленді. Студенттік құрылыс жасақтарының сарбаздары бағдарламаны іске асыруға, ауылдың мектеп оқушыларына арналып, жаңа ғимараттар салатын кәсіпорындар бригадалары құрамында белсене қатысты. 2008 жылы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары құрамында 1300-ден аса жастар қатысты, соның ішінде әсіресе Семей қаласының оқу орындарының студенттері белсенділік танытты. Бұл жылғы еңбек маусымында құрылыс, педагогикалық, сервистік және туристік жасақтар құрылып нысандарға жіберілді. Елді-мекендерді көріктендіруге және көгалдандыруға «Жасыл Ел» жасақтарының сарбаздары аянбай еңбек етті. Облыстық штаб 750 адамнан тұратын 45 жасақ құрды, оның 320-сы жұмыссыз жастар. Басты жұмыс берушілер «Озеленить» ЖШС Өскемен қ., Семей қаласының көріктендіру және көгалдандыру МКМ, Абай, Көкпекті, Бесқарағай, Бородулиха және Шемонайха аудандарының әкімияттары. Жасыл Ел» сарбаздары Семей қаласының орталық көшелерінде гүл алаңдарын және газондарды көгалдандырды. Жасақтар дәстүр бойынша қарттар және мүгедектер үйіне, балалар биологиялық орталығына көмектесті. Олар 820 га көлеміндегі жерлерді тазартып көріктендірді. |