DataLife Engine > Главная > 17.02.2009 Шығыс Қазақстан облысының әкімі кездесуі
17.02.2009 Шығыс Қазақстан облысының әкімі кездесуі17 февраля 2009. Разместил: admin |
![]() Ағымдағы жылдың 17 ақпанында облыс әкімі Ә. Бергеневтің саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер жетекшілерімен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты экономиканы тұрақтандыру бойынша республикада және облыста қабылданып отырған шаралар және өңірдегі саяси партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас мәселері туралы хабарландыру болмақ. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілген бюросында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «біз экономикалық қиыншылықтардың қоғамдағы тұрақтылыққа әсер етуіне жол бермеуіміз қажет... Үкімет аппаратын толығымен, бизнес-қауымдастықтардың, саяси партиялардың басшыларын жинау қажет, олар бірігіп халыққа осындай қиын кезде бірлікте болу қажеттігіне үндеу тастауы тиіс. Ал ішкі мәселелерді кейінге қалдыра тұрамыз...» деп атап көрсетті. ![]() Әлемдік экономикалық дағдарыс әсері жағдайындағы аса өзекті мәселенің бірі бұл барлық қоғамдық институттармен арадағы тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайту. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары мен қоғамдық институттары арасындағы сындарлы қарым-қатынастың негізгі бастауы сұхбат алаңдары болып табылады. 2008 жылғы 3 қарашада облыс әкімі мен көпшілік партия филиалдары көшбасшыларының арасында өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумы жасалды. 2008 жылы 6 қарашада, саяси партиялар филиалдары жетекшілерінің бастамасы бойынша облыста әлеуметтік қарама-қайшылық пен қақтығыстар бола қалған жағдайда бірігіп қарастырып, ұсыныстар қабылдайтын жұмысшы топ құрылды. Сол отырыста уақытша болып жатқан экономикалық қиындықтарға байланысты барлық бұқаралық ақпарат құралдарына саяси партиялардың бірқатар ұсыныстарымен үндеу қабылданды. |