DataLife Engine > Главная > 28.11.2008 2008 жылғы үздік насихатшы
28.11.2008 2008 жылғы үздік насихатшы28 ноября 2008. Разместил: admin |
|
Шығыс Қазақстанда әр жыл аяғында облыс басшылығының ақпараттық насихат топтарының мүшелерімен кездесіп, жыл қорытындысы бойынша белсенділерді марапаттауы игі дәстүрге айналды. 2008 жылғы 28 қарашада «Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері контексіндегі ақпараттық насихат жұмысының негізгі бағыттары мен басымдықтары» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті. <!-- Семинарға қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары, ақпараттық насихат топтарының мүшелері, мемлекеттік басылымдардың бас редакторлары, облыстық басқармалар басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Бүгінгі күні облыста 727 ақпараттық насихат топтар болса, оның құрамына 3675 адам кіреді. Мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарын түсіндіру жұмыстарына тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар жұртшылық өкілдері – ғалымдар, ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары, ҮЕҰ көшбасшылары белсенді қатысады. Өткізілетін шаралар тақырыптары сан-алуан, бірақ бәрі өзекті мәселелер; Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын насихаттаудан бастап, әлемдік дағдарыстың елімізбен аймақтың экономикасына тигізетін әсеріне төтеп беру шарараларына дейін. Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ақылбек Жамелұлы Ихданов семинарға қатысушыларға алдағы уақытта ақпараттық-насихаттық жұмыстағы басты міндеттер жұмыстың алдын алу, өзекті мәселелерді дер кезінде түсіндіріп, әлеуметтік ширығуды болдырмау деп атап өтті. Мемлекеттік қызметкерлерге, ғалымдарға, журналистерге, ҮЕҰ өкілдеріне, жастар ұйымдарына, ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі, кәсіподақ мүшелеріне мемлекеттік саясатты белсенді жүргізуге қолдау көрсеткендері және өзекті мәселелерді уақытында түсіндіргендері үшін алғыс білдірді. Ақылбек Жамелович облыстың үздік насихатшыларына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасын, алғыс хатын және естелік сыйлықтарын табыс етті. «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын белсенді насихаттауға қатысқаны және ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамотасымен және естелік сыйлықтармен келесі адамдар марапатталды: 1. Ирина Дмитриевна Немченко – Глубокий ауданының «Огни Прииртышья» газетінің бас редакторы; <!-- 2. Болат Увалиевич Омаров – Бесқарағай ауданының «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 3. Берікқан Шотбасұлы Тайжігітов – Ұржар ауданының «Уақыт тынысы» - «Пульс времени» газетінің журналисі; 4. Светлана Ивановна Буднецкая – Шемонайха ауданының гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты; Ағымдағы жылы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметкерлері облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттық топтар жұмыстарына белсене қатысты. Басқарма ұжымы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 2008 жылы облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттық топтар жұмыстарына бірқатар басқармалар да белсене қатысты. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, ауылшаруашылық басқармасы ұжымдары Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен атап өтілді. Ең белсенді және үздік насихатшылар, қалалар және аудандар өкілдері «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге қатысқаны және белсенді азаматтық ұстанымдары үшін» Алғыс хатқа иеленді. 1. Красулина Татьяна Владимировна - Өскемен қаласының «Элита Плюс» жастар шығармашылығының Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Президенті; ОО «Федерация молодежного творчества г.Усть-Каменогорск; 2. Асемгуль Александровна Молдажанова – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің профессоры; 3. Татьяна Николаевна Шматова – Риддер қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы қалалық орталық кітәпхананың кітәпханашысы; 4. Алтынай Амангельдыевна Сулейменова – Курчатов қаласындағы мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары; 5. Сауле Зареровна Нуртазина - Абай ауданының «Абай елі» газетінің редакторы; 6. Тлеубек Бектасович Орманов - Аягөз ауданының «Рауан» Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; 7. Рамазан Азымканович Курманбаев - Бородулиха ауданының «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 8. Алимурат Кусманович Аксаков - Жарма ауданының «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 9. Калибек Кизатович Алтыбаев - Зайсан ауданының ақсақалдар кеңесінің мүшесі; 10. Александра Николаевна Китляйн – Зырян ауданының Соловьев орта мектебінің директоры; 11. Сембай Маненов - Катонқарағай ауданының өндіру бойынша кәсіптік мектебі директорының орынбасары; 12. Нурлан Кусманович Аубакиров – Көкпекті дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері; 13. Қумарбек Абилькаирович Толемисов – Күршім ауданы мектебінің директоры; 14. Ержан Карбаевич Куттыбаев - Тарбағатай ауданының дәрігерлік- психологиялық педагогикалық консультациялық орталығының бастығы; 15. Нина Яковлевна Савельева – Ұлан ауданының ардагерлер кеңесінің, әйелдер кеңесінің төрайымы; Семинар аясында секциялық отырыстар және оқыту тренингтері өтті. |