DataLife Engine > Главная > 28.11.2008 Семинар-кеңес
28.11.2008 Семинар-кеңес28 ноября 2008. Разместил: admin |
![]() 2008 жылдың 28 қарашасында Облыстық Достық үйінде «Мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері контексіндегі ақпараттық насихат жұмысының негізгі бағыттары мен басымдықтары» облыстық семинар-кеңес өткізілді.
Оның жұмысына: әлеуметтік мәселе бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің бастықтары, ақпараттық насихат топтарының мүшелері, мемлекеттік басылымдардың бас редакторлары, облыстық басқармалар басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері. ![]() Шығыс Қазақстанда әр жыл аяғында облыс басшылығының ақпараттық насихат топтарының мүшелерімен кездесіп, жыл қорытындысы бойынша белсенділерді марапаттауы игі дәстүрге айналды. Бүгінгі күні облыста 727 ақпараттық насихат топтары бар, оның құрамына 3675 адам кіреді. Мемлекеттік ішкі саясаттың басымдықтарын түсіндіру жұмыстарына тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар жұртшылық өкілдері – ғалымдар, ақпараттық насихат топтарының мүшелері, ҮЕҰ белсенділері де қатысады. Өткізілетін шаралар тақырыптары сан-алуан, бірақ бәрі өзекті мәселелер; Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын насихаттаудан бастап, әлемдік дағдарыстың елімізбен аймақтың экономикасына тигізетін әсеріне төтеп беру шарараларына дейін. ![]() Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ақылбек Жамелұлы Ихданов өз сөзінде, биылғы жылы ақпараттық насихат жұмысының негізгісі өзекті мәселелерді дер кезінде түсіндіріп, әлеуметтік ширығуды болдырмау деп атап өтті. Ол қатысушыларға - ғалымдарға, ақпараттық насихат топтарының мүшелеріне, ҮЕҰ белсенділеріне, ұлттық мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі, кәсіподақ мүшелеріне алғыс білдірді, Белсенді ғалымдар, ақпараттық насихат топтарының мүшелерін марапаттады. ![]() |