DataLife Engine > Главная > 18.11.2008 Кеңес

18.11.2008 Кеңес


18 ноября 2008. Разместил: admin

18 қарашада облыс әкімінің орынбасары А.Тәженовтың төрағалық етуімен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары А.А. Артамасовтың «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» есебі тыңдалды. 

Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің мүшелері: «Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсының» төрағасы А.В. Чернышов, «Үзіксіз білім беру» қоғамдық қорының төрағасы Г.Ж. Қасиманова «Шығыс Қазақстан облысында азаматтық секторды дамыту мәселелері мен жағдайы туралы» ақпарат берді.  

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Н.С. Ибраевтың «Денсаулық сақтау басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдағы атқарған жұмысының қорытындысы туралы» есебі тыңдалды.

         Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.