DataLife Engine > Главная > 11.11.2008 ІІІ Республикалық форум

11.11.2008 ІІІ Республикалық форум


11 ноября 2008. Разместил: admin

Құрамы 16 адамнан тұратын Шығыс Қазақстан делегаттары:   Қазақстан студенттері Альянсы, Студенттік құрылыс жасақтары, ЖОО жастар ісі жөніндегі комитетінің өкілдері ІІІ Республикалық жастар форумның жұмысына қатысты.

Іс-шара аясында Қазақстан жастарының жетінші конгресі, Қазқастан Республикасы жастар ұйымдарының  әлеуметтік  идеялар жәрмеңкесі мен жобалары өткізілді.  

Мәжілістің алғашқы күні білім беру саласын дамытуға,  еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыруға,  жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар қарастыруға, азаматтық және патриоттық тәрбие беруге, медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге,  салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

   ІІІ Республикалық форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 500 делегат қатысты олар: жас саясаткерлер, жастар мен  үкімет емес ұйымдардың көшбасшылары,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемелекеттік  органдардың өкілдері.

Форумда «2005 - 2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасының» қорытындысы шығарылды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында, 2008 жыл барлық жастар саясатына белсенді қатысушыларға жаңа нарықтық даму талпынысы екенін атап өтті.

Осы күні «Риксос» Президент – отелінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 2 отырысы болып өтті.  Атаулы кеңес 2008 жылғы 1 шілдеде Елбасының Қаулысы бойынша құрылған. Кеңестің жоғары дәрежеде құрылуы, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін түбегейлі өзгеруге ықпалын тигізуі қажет.

            Қазіргі таңда Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы 36 адамнан тұрады. Кеңестің төрағасы Премьер-министр концеляриясының жетекшісі - Абдрахимов Ғабидулла.  

         Біздің облыстың атынан Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің заң факультеті деканы Болат Рамазанұлы  Серғазинов және ІІІ Республикалық жастар форумына «Жас Отан» жастар қанатының Орталық Кеңесінің мүшелері «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалының «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы И.Копылова, Өскемен қалалық мәслихаттың депутаты Ғ.Берғалиев қатысты.

Екінші отырыста 5 жұмыс тобының 2010-2014 жылдарға арналған жастар саясаты мемлекеттік бағдарламасының жобаларына берген ұсыныстары талқыланды.

Бағдарлама жобасының концепциясы 2009 жылғы қаңтар айындағы Кеңестің отырсында  қарастырылады, ал келесі жылдың қыркүйек айында бағдарлама Елбасына қол қоюға ұсынылады.

Форум жұмысы ең үздік он номинация бойынша марапаттау рәсімімен жалғасты. Салтанатты марапаттау рәсімі елімізге танымал қайраткерледің және номинация иегерлерінің қатысуымен өтті.

         Біздің облыстан номинацияға үміткер ретінде төмендегідей үштік енгізілді: «Жас ұжым» номинациясы бойынша - «Экстази» би тобы,  «Жас журналист» номинациясы бойынша – «Жастар клубы» газетінің редакторы Анастасия Строкова, «Жылдың жас көшбасшысы» номинациясы бойынша - «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ерсін Құдияров, Семей қаласы.