DataLife Engine > Главная > 28.10.2008 Жасыл ел
28.10.2008 Жасыл ел28 октября 2008. Разместил: admin |
|
2008 жылғы 28-30 қазан аралығында Талдықорған қаласында студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары мен «Жасыл ел» жасақтарының III еңбек маусымының қорытындысы болып өтті. 2008 жылғы еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімінде Игорь Шацкий басшылық ететін Студенттік құрылыс жастар еңбек жасағының Шығыс Қазақстан штабы республика бойынша ең үздік штаб деп танылды. Штаб жұмысы студенттер саны, атқарылған жұмыс көлемі, мәдени-көпшілік іс-шаралар және т.б. критерилері бойынша бағаланды
11-12 қарашада Астана қаласында III жалпыреспубликалық жастар форумы өткізіледі. Форум аясында Қазақстан жастарының VI Конгресі, Қазақстан Республикасы жастар ұйымдарының әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің II отырысы болады. Өтілмек жалпыреспубликалық III жастар форумын 2008 жылғы жастар саясаты саласындағы ең маңызды іс-шара деп атауға болады. Бұл форумның Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы халыққа Жолдауларында қойылған міндеттерді іске асыру тұрғысында маңызы жоғары. Тікелей осы іс-шара арқылы Қазақстандағы жастар қозғалысы жаңа серпін алып, жаңа көрініс алатын болады. Форумға облыстан жастар көшбасшыларының 13 ең үздік өкілі қатысады.
8 қараша күні «Нұр Отан» партиясының ғимаратында III жалпыреспубликалық жастар форумына қатысатын делегаттарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара аясында «Идеялар керуені» атты акция өткізілді, онда делегаттар Елбасы Жолдауының жастар саясатын жүзеге асыру тұрғысындағы негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша креативті идеяларын ортаға салды. Жинақталып талқыланған барлық серпінді идеялар республикалық «Идеялар керуені» акциясында айтылады. |