| |
 |
 |
 |
| 15.07.2011 Жақсы өмірге қадам бастық... |
Адамзат жылдан жылға бір қадам болсын тез жылжып келеді. Әр қадам басқан сайын жаңа мәселелер туындап жатады, ал бұрынғы мәселелер де шешімін таппай қалып жатыр.
Сол кезде неліктен ештеңе істелмей жатыр деген сұрақ туындауы да сөзсіз. Бұл мәселелер жалпы шешіле ме екен? Билік басында отырған адамдар біздің ақшамызды қайда және не үшін жұмсап жатқандары да белгісіз.
Осы орайда Талдау және болжау институты облыс әкімінің бірінші орынбасары С. С. Әбденовпен журналистерге баспасөз маслихатын ұйымдастырды.
Тілшілер облыс басшысының бірніш орынбасарына өздерінің көкейтесті сұрақтарын жаудырды:
- тіршілік әлеуетінің деңгейі төмен аудандардағы отбасыларын ірі елді мекендерге көшіру;
- Черемшанка құс фабрикасының жағдайы және кәсіпорынның алдағы уақыттағы даму болашағы;
- Шығыс Қазақстан облысындағы мектептке дейінгі және мектептегі білім беру саласының мәселелері (атап айтсақ, бес жасар баласы бар ата-аналардың балаларын балабақшалардан шағын орталықтарға көшіруге қатысты наразылықтары);
- оралмандарға арналып салынған үйлердің сапасы;
- азық-түлік бағасының қымбаттауы;
- Ахмер кентіндегі жерлерді өз еркімен басып алу;
- Өскемен – Зырян жолындағы Осиновка асуының жағдайы;
- сумен қамтамасыз ету мәселелері.
Серік Сақбалдыұлының айтуынша, туындап отырған мәселелер облыс басшылығының бақылауына алынған, бұл көңілді медеу етеді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары орын алып отырған мәселелерді жоюда нақты шаралар қолданылып, оларды жүзеге асыру бойынша бағдарламалар әзірленіп жатқандығын түсіндірді.
Ендігі кезекте біз тоқтамастан, батыл түрде алға қадам басып, маңызды болсын-болмасын, бас көтерген кез-келген мәселе назардан тыс қалатындығын ойламауымызға болады.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...15.07.2011 Әр сұрақ өз жауабын табуы тиіс13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүдде ...АНАЛИТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАРӨткен зерттеулер
|
| Просмотров: 256 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|