| |
 |
 |
 |
| 12.07.2011 ШҚО экологиялық жағдайына Қоғамдық кеңес алаңдаулы |
Белгілі бір табиғи жағдайлары мен нақты бір шаруашылық түрін игерген әрбір ірі өңір экологиялық жағынан алғанда өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өңірлік экологиялық талдау жасаудың маңыздылығы оның нәтижелерінің үлкен қосымша маңызға ие болуында (өңірдің мәселелері елдің, континенттің не болмаса ғаламшардың мәселелеріне қарағанда, халыққа анағұрлым жақынырақ). Сонымен қатар, өңірлердегі экологиялық ахуал ақыр соңында, табиғи компоненттердің ғаламдық жағдайын да белгілейді.
ШҚО Қазақстанның бірегей қалаға шоғырланған жүйесі болып табылатын аса ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі екендігін ескере отырып, экология мәселесі бүгінгі күні өзектілігін арттырмаса, жойған жоқ.
Өңірімізде туындаған экологиялық мәселелерге байланысты 2011 жылы 12 шілдеде Облыстық достық үйінде Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының Ж. Ахметбеков бастаған бір топ өкілдерінің қатысуымен ШҚО Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, оның аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдай» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болды.
Іс-шараның мақсаты ШҚО экологиясына қатысты көкейтесті мәселелерді талқылау; жергілікті билікке жазылған экологиялық жағдайды жақсарту бойынша үндеуді қарау және талқылау болды.
Отырысқа Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Ж.А. Ахметбеков, Қоғамдық кеңес мүшелері, ҚКХП филиалдарының мүшелері, қоғамдастық және БАҚ өкілдері қатысты. Қоғамдастық өкілдерінің қатысуына ҚКХП белсенділерінің өз бетімен шақыру-үнпарақтарын халық арасында таратуы түрткі болды.
Отырыс жұмысында Қоғамдық кеңестің экология бойынша жұмысшы-сараптамалық тобының төрағасы Г.Л. Корешков («Өңірдегі экологиялық қауіпсіздік жағдайы») және Ана мен бала орталығының директоры Р.Ж. Рахимова («Тұрғындардың репродуктивті денсаулығының мәселелері») баяндама жасады, бұл өз кезегінде Қоғамдық кеңес мүшелерінің, экология бойынша жұмысшы-сараптамалық топтың және қоғамдастық өкілдерінің арасында пікірсайыс тудырды.
Жалғасын тапқан іс-шарада жиынға қатысушылардың назарына Қоғамдық кеңестің әзірлеген үндеуімен қатар, Кушкунов Ю. Н. бастаған ҚКХП тарапынан келісілмеген үндеу ұсынылды, ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жоғарғы билік орындарына үндеу тастауға шақырған.
Жиынның қорытындысында ҚКХП ОК хатшысы Ж. А. Ахметбеков журналистермен баспасөз маслихатын өткізіп, партияның қызметі жайлы айтып өтті.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
23.06.2011 Экология мәселелері - әрқашан назарда07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұраu ...11.04.2011 Орталық жайлы01.06.2010 «Экология - Мемлекет – Бизнес – ҮЕҰ – БАҚ» ...10.08.2010 ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық ...
|
| Просмотров: 245 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|