| |
 |
 |
 |
| 27.06.2011 Баспасөз-конференциясы |
Талдау және болжау институтында 27 маусым күні денсаулық басқарамасының бастығы Е. Масалимов пен онкологиялық диспансердің бас дәрігері Ж. Кенжалиннің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Аталмыш шара облысымыздағы сәуле орталығының болашағымен дәрігерлерге пәтер кілттерін табыстау барысында орын алған жайтты түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.
Е. Масалимов өз сөзінде сәуле орталығының 2 қызметкері қазіргі таңда Алматы қаласында арнайы оқытудан өтіп жатқандығын және болашақта шетелде де осындай оқытуды ұйымдастыру ойда бар екендігін айтты. Оның сөзіне сенсек мұндай орталық жыл сайын осындай емдеуге мұқтаж 300 адамды өзімізде емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталыққа алынған жабдықтар республика бойынша ешбір жерде кездеспейтіндігі белгілі болды.
Екінші сұрақ бойынша Ерлан Тоқтарбекұлы кейбір басылымдарда дәрігерлерге арналған пәтер кілттерін шенеуніктерге табыстау туралы мақалалардың шығуына байланысты орын алған жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша пәтерлерді табыстау барысында ешбір заңға қайшы әрекеттер орын алған жоқ. Басқарма бастығы кімнің және қандай критерий бойынша пәтер алғандығын және бұл пәтерлердің қызметтік екендігін түсіндірді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
11.04.2011 Орталық жайлы15.11.2010 Черемшан құс фабрикасының келешек тағды ...30.12.2010 Бастамашыл топтың журналистермен брифингі13.04.2011 Саяси клуб: қорытынды шығарылды07.12.2010 Бюджет ашықтығы жайлы бірер сөз
|
| Просмотров: 305 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е |
|
 |
|
| |
|
|