| |
 |
 |
 |
| 23.06.2011 Экология мәселелері - әрқашан назарда |
2011 жылғы 23 маусым күні Талдау және болжау институтында ШҚО Қоғамдық кеңесінің экология бойынша жұмысшы-сараптамалық тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде: ШҚО бойынша экологиялық жобалар, экологиялық мәселелерді шешуде шунгит минералын пайдаланудың болашағы және Өскемен қаласындағы шағын қазандықтар мәселесі, жылу электр орталығында ауаға азот диоксиді мен күкірттің шығарылуын азайту болашағы сияқты мәселелер қаралды.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сөз алған Әл-Фараби атындағы ҚазМУ профессоры Инюшин В. М. жиналғандарды биогенді суды тұрмыста пайдалану, оның адамның денсаулығына пайдасы туралы айтып өтті. Профессор сондай-ақ Серебрянка қаласындағы тазалау қондырғыларының мәселесі мен Өскемен қаласындағы өнеркәсіп суағарларының мәселелерін қозғады.
Алматы қаласындағы «Экобиошунгит» ЖШС өкілі Макаров В. И. Жиналғандардың назарына ШҚО экологиялық мәселелерін шешудегі шунгит минералын пайдалану болашағын ұсынды. Шунгит дегеніміз – радиацияның үлкен мөлшерін бойына сіңіре алатын минерал. Оны тұрмыста да, өнеркәсіпте де пайдалануға болады. Мысалы, Павлодар қаласында Ертістен алынған суды шунгиттің көмегімен тазартып, ішуге пайдаланатын көрінеді.
ҚР AES компанияларының экология мәселесі бойынша директоры Зиновьева Т. А. Өскемен қаласындағы шағын қазандықтар мәселесін көтерді. Қазіргі кезде қаладағы көптеген қазандықтар өте ескірген, оларда көмір әлі күнге дейін қолмен тасымалданады. Қазір экологиялық таза қазандықтардың құрылысын бастау мүмкіндігі бар, дегенмен, барлығы қаржы мәселесіне келіп тіреледі.
Жасыл қала бағдарламасы және оны жүзеге асыру барысында туындаған мәселелер жайында жиналған қауымға «Кругозор» ҚБ жетекшісі Т. Нетунаева айтып өтті.
Келесі кезекте сөз алған экологиялық сараптамалық-жұмысшы тобының төрағасы Г. Корешков өткен отырыстар қорытындысында қабылданған ұсынымдар бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтсақ, эколог-сарапшылардың ҚР Премьер-министрі К. Мәсімовке жазған хатының жауабы ретінде Үкімет басшысының Өскемен қаласында экологиялық қауіпсіздік орталығын ашу туралы шешім қабылдағандығын хабарлады. Сондай-ақ, қала әкімі И. Әбішевтің бастамасымен қалада ауа ластаушыларды өлшеудің автоматты жүйесі орнатылатын болады. Бұл жүйені 30 тамызға қарсы іске қосу жоспарланып отыр.
Қаламызда, атап айтсақ, экологиялық таза аудан болып табылатын сол жағалауда Металлургия орталығын ашу мәселесі бірнеше мәрте көтерілген болатын. Экология бойынша жұмысшы-сараптамалық топ мүшелерінің белсенді араласуының нәтижесінде сол жағалауды «аман алып қалу» орайы келді. Аталмыш орталық Арматура зауыты ауданында ашылатын болды.
Бұдан басқа экология бойынша жұмысшы-сараптамалық топ отырысының барысында бірқатар өзекті мәселелер: Шемонаиха қаласындағы экология мәселесі, Өскемен қаласындағы түтіндеген автобустар және экология бойынша жұмысшы-сараптамалық топ жобаларының жүзеге асырылуы туралы хабарлап отыру мәселелері қаралды.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
12.07.2011 ШҚО экологиялық жағдайына Қоғамд ...11.04.2011 Орталық жайлы07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұраu ...18.05.2011 Шетелден көмек01.06.2010 «Экология - Мемлекет – Бизнес – ҮЕҰ – БАҚ» ...
|
| Просмотров: 291 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|