| Ресми сайты » Главная » 07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұрақты даму бойынша жұмысшы-сараптамалық тобының отырысы өтті |
|
 |
 |
 |
| 07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұрақты даму бойынша жұмысшы-сараптамалық тобының отырысы өтті |
2011 жылы 7 маусымда ШҚО талдау және болжау институтында Облыстық қоғамдық кеңестің тұрақты даму бойынша жұмысшы-сараптамалық тобының отырысы өтті, оған мемлекеттік құрылымдардың, өндірістік, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.
Отырыстың модераторы, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Л. Архипова өз сөзінде біздің өңірімізде өндіруші кәсіпорындарға қарағанда, өнеркәсіп кәсіпорындарының басым екендігін атап өтті. Бизнес құрылымдар белгілі бір әлеуметтік міндеттерге ие, тұрақты түрде бюджетке қаражат аударып отырады. Бұл жерде осы қаржы аударымдарына жүзеге асырылатын жобалар қаншалықты тартымды, халыққа көкейтесті болып отыр, бұр қаражат қаншалықты мақсатына қарай жұмсалады деген сұрақтар туындауы заңды. Кейбір кәсіпорындар әлеуметтік нысандарды қаржыландырып жатады, ал халық бұл жайында ештеңе білмейді. Осы мақсатта Қоғамдық кеңестің Тұрақты даму бойынша жұмысшы-сараптамалық тобы құрылып отыр.
Отырыс барысында жиынға қатысушылар бұған дейін жұмыс тобына шақырылмаған бірқатар мемлекеттік органдарды кіргізу; өңірдің тұрақты даму мәселелері бойынша әріптестік туралы Меморандумға және жұмысшы-сараптамалық топтың жұмыс жоспарына толықтырулар енгізу; сондай-ақ, өңірдегі барлық өндіруші, өнеркәсіп және барлау компанияларына жеке кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі кезде тұратқы дамуға бет бұру біздің еліміз үшін объективті қажеттілік болып отыр және алдағы уақытта ұлттық идеяның негізі, қазақ халқының ғасырлар бойы туған жердің көркеюін, оның табиғатын, мәдениетін, әрбір қазақстандықтың денсаулығы мен аман-саулығын аңсап келген арманына жеткізуі мүмкін.
2006 жылғы 14 қарашада Елбасының Жарлығымен аса маңызды саяси құжат – 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы қабылданды. Осылайша, Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға көшуді өзінің стратегиялық саясатының басты құрамдас бөлігі ретінде, Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі ретінде қарастырады.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
23.06.2011 Экология мәселелері - әрқашан назарда12.07.2011 ШҚО экологиялық жағдайына Қоғамд ...13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүдде ...25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңг ...10.08.2010 ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық ...
|
| Просмотров: 211 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|