www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүддесіне сай жұмыс істеу
13.05.2011 Қоғамдық кеңес: халық мүддесіне сай жұмыс істеу
       2011 жылы 13 мамырда облыстық Достық үйінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласындағы мәселелер, өндірістік өнеркәсіптің ашықтығы бастамасын (ӨӨАБ) жүзеге асыруға байланысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар кеңестің ішкі жұмысы талқыланды.
        «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры  Архипова Л.А. «Өндірістік сектордың ашықтығы бастамасының жергілікті деңгейде даму болашағы» тақырыбындағы зерттеуімен таныстырып өтті. Бұл бағытта қолданылған бірқатар шараларға қарамастан, тұрғындардың басым көпшілігі бұл бастама нені білдіретіндігін және оның қандай мақсаттарды көздейтінін түсіне бермейтінін мойындаған жөн.  Бұған әлеуметтік зерттеуде берілген көрсеткіштер дәлел болып отыр. Ал бұл бағдарламаның мағынасын түсінеміз дейтін халықтың біраз бөлігі бастамамен қызметтік қажеттілігіне қарай танысқан екен. Басқаша айтқанда, бұл мемлекеттік органдар мен өндірістік өнеркәсіптердің өкілдері болып отыр. Осыған орай қазіргі уақытта қолданылып отырған шаралардың аздық ететіні анық, себебі ӨӨАБ жүзеге асырудың негізгі қағидаттарының бірі ӨӨАБ туралы халыққа ақпарат беру болып табылады.
        ТКШ саласына Талдау және болжау институтының жүргізген зерттеуі осы салада орын алып отырған негізгі мәселелердің басын ашып көрсетті. Пікіртерім қала тұрғындарының коммуналды қызмет сапасына қаншалықты қанағаттанатындығын анықтау мақсатында  жүргізілген болатын.

 
        Сызбадан көріп отырғанымыздай, халықтың басым көпшілігі электрмен қамтамасыз ететін компанияның қызметіне қанағаттанады. Респонденттердің 70% артығы электр қуатының сапасы туралы сұраққа қанағаттандырарлық жауап берген. Респонденттердің 14,1% кернеуде секірістер болып тұратындығын айтса, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 10,3%  электр қуатын өшіру жиі-жиі орын алып отыратындығын көрсеткен, электр қуатымен қамтамасыз ететін компания сарапшысының пікірінше, бұл өшірулер желілердің тозуы сияқты объективті себептерге байланысты, соның салдарынан электр қуатын беруде бөгелістер болып тұратыны даусыз.
        Атап өтер жайт, қала тұрғындары көбінесе пәтер иелері кооперативінің қызметіне көңілдері толмайды. Оны төменде берілген диаграммадан да көруге болады.

 
Қоғамдық кеңес отырысының қорытынды бөлімінде кеңес мүшелері алдағы қызметтерін талқылады. Қоғамдық кеңес билік пен қоғамды сұхбат арқылы байланыстыратын дәнекер орган болып табылады. Қоғамдық кеңес жұмысын оңтайландыру мақсатында бірқатар ұсынымдар берілді.

 
Другие новости по теме:

  • 07.06.2011 Қоғамдық кеңестің тұраu ...
  • Өткен зерттеулер
  • 25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңг ...
  • АНАЛИТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАР
  • 13.10.2010 Өндірістік өнеркәсіптің ашықты ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село