| |
 |
 |
 |
| 18.05.2011 Шетелден көмек |
Үстіміздегі
жылдың 18 мамыр күні ШҚО Талдау және болжау институтында мемлекеттік
органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен USAID
жобасына арналған «Өскемен қаласында АҚТҚ (ВИЧ) мен туберкулез бойынша
сұхбат» өтті.
«Қуат» АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға көмек» ҚБ жетекшісі Н. Саир
жиналғандардың назарына бұл жобаның біздің өңірімізде жүзеге асырылуы
жайында таныстырып өтті. Нұрлан Биахметұлының айтуынша, бұл жоба АҚТҚ
мен туберкулез ауруларының таралу қарқынын тұрақтандыруға бағытталған.
Ол сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудың басты кезеңдерімен таныстырып өтті,
жоба 5 жылға жоспарланып, 2014 жылы өз мәресіне жетеді. Жобаның
мақсатты тобы инъекциялық есірткі пайдаланатындар мен АҚТҚ-мен өмір
сүріп жүрген адамдар.
Аталмыш қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жобаны жүзеге асыру барысындағы
жетістіктерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Мәселен, жоспарда
ШҚО ішкі істер департаментімен және облыстық әкімдікпен серіктестік
келісімге қол қою тұр. Оның айтуынша, қызмет барысында жиі кездесетін
қиындықтар АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың, бостандыққа шыққандардың
құжат алудағы мәселелері мен ауруға шалдыққандардың медициналық
тексеруден өтудегі қиындықтары болып табылады.
Келесі кезекте сөз алған PSI/Қазақстан директорының орынбасары М.
Сауранбаева бұл жобаның Қарағанды және Алматы облыстарында да жүзеге
асырылып отырғандығын айтып өтті. ШҚО жобаны жүзеге асыруда алдыңғы
қатардан көрініп отыр. Ол сондай-ақ осы салада жұмыс істеп жүрген ҮЕҰ
санының аздығын да атап өтті. Егер Оңтүстік Қазақстан облысында бұл
салада жобаларды жүзеге асырып жүрген ұйымдардың саны 18 жеткен болса,
бізде тек «Қуат» ҚБ мен «Answer» қоғамдық қоры ғана екен.
Жобаның тиімділігін бағалау мақсатында оған оған мониторинг жүргізіліп,
оның нәтижесі бойынша жобаны жалғастыру қажет пе, анықталатын болады.
PSI/Қазақстан директорының орынбасары М. Сауранбаева біздің елімізге
халықаралық ұйымының қол ұшын созып, жобаны жүзеге асыруға бөліп отырған
қаражатын барынша тиімді пайдалануға шақырды.
Талқылау кезегі келгенде дөңгелек үстел басына жиналғандар өз
ұсынымдарын айтты. Мәселен, «Қуат» ҚБ әлеуметтік қызметкері Д. Болелов
АҚТҚ жұқтырғандардың әскери комиссариатқа медициналық комиссиядан өтуге
шақырылған жағдайлары орын алғандығын айтып өтті, бірақ олардың әскери
қызметтен өте алмайтындығы барлығына мәлім. Бұл мәселені түбегейлі
жан-жақты қарастырып өткен жөн. Өскемен қалалық денсаулық бөлімінің
бастығы Е. Омарбеков әкімдердің АҚТҚ байланысты мәселелерді шешуге
қатысу рейтингінің бағалау шкаласын енгізуді ұсынды. Бұл биліктің
АҚТҚ-мен өмір сүретін және туберкулезбен ауыратын адамдарға назарын
аударуға мүмкіндік береді дейді ол.
Жиынды қорытындылай келе, М. Сауранбаева берілген ұсынымдардың барлығы
жобаны жүзеге асыру барысында ескерілетіндігін мәлімдеді.
|
|
|
|
Другие новости по теме:
26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл 11.04.2011 Орталық жайлы14.07.2010 ШҚО денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлек ...21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы
|
| Просмотров: 343 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|