www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
 
       26 сәуір күні ШҚО талдау және болжау институтында Шығыс-Батыс ЖТҚБ  Қоры (AFEW) «АТЖҚ және туберкулез саласындағы тұрғындардың әлсіз топтарына ұсынылатын қызметтердің санын көбейту» жобасын іске қосуға арналған дөңгелек үстел өтті, оған ШҚО пенитенциарлы жүйесінің, денсаулық сақтау және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

       Жоба менеджері Л. Ахмедзянова өзі өкілдік етіп отырған ұйым жайында және қор қызметінің басымды бағыттары жайында қысқаша айтып өтіп, жоғарыда аталған жобаны қатысушылардың назарына ұсынды. Шығыс-Батыс ЖТҚБ  Қоры – бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін голландық үкіметтік емес гуманитарлы ұйым, оның басты миссиясы Шығыс Еуропа мен Орта Азияда АТЖҚ/ЖҚТБ әсерін төмендету болып табылады. Қор өзінің қызметін Қазақстанда, Ресейде, Украинада,  Қырғызстанда, Тәжікстанда, Грузияда және басқа да елдерде жүзеге асырып отыр. Жобаның менеджері айтып өткендей, ол 2 жылға есептелген және Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстарында жүзеге асырылатын болады. Жобаның мақсатты тобы ретінде медициналық және психоәлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерді қосқанда, АТЖҚ/ЖҚТБ, туберкулез саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар алынған, ал соңғы бенефициар ретінде ҚР үш облысындағы қамаудағы адамдар,  ПИН, ЖҚТБ өмір сүретін адамдар мен туберкулезге шалдыққан емделушілер. Л. Ахмедзянованың айтуына қарағанда, бұл жобаның мақсаты мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін күшейту арқылы АТЖҚ және ТБ алдын-алу, емдеу, күту және қолдау бойынша қызметіне ҚР тұрғындарының әлсіз тобының қол жетімділігін жақсартуға ықпал ету болып табылады. Жиынға қатысушылар «СТАРТ плюс» бағдарламасымен танысты. Бағдарлама аясында сотталғандармен ақпараттық жұмыс жүргізіліп, бостандыққа шығуға әзірленіп жүргендерге әлеуметтік сүйемелдеу жасалатын болады. Дөңгелек үстел отырысының барысында «Answer» қоғамдық қорының төрағасы Елена Растокина өз ұйымдарының жұмысын жиналғандардың назарына ұсынды. ШҚО бойынша АТЖҚ алдын-алу және күрес бойынша облыстық орталықтың  эпидемиолог дәрігері Жеголко М.В. басқосуға жиналғандарды ШҚО бойынша ЖҚТБ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып өтті. Мәселен, жарияланған деректерге сүйенсек, ШҚО бойынша ЖҚТБ инфекциясын жұқтырудың ең көп таралған әдісі есірткі пайдалану арқылы (82%), жыныс жолдары арқылы (16%) болса, құрсақта жұқтыру мен жұқтырудың белгіленбеген түрлері сәйкесінше 0,2% және 1,8% көрсеткіштеріне ие болған.  Алаңдатушылық тудырып отырған жайт, кеселді жұқтырғандардың басым бөлігі 20-29 және 30-39 жас аралығындағы жастар, яғни күші тасып тұрған отыздағы орда бұзар жастағылар. Сонымен қатар ШҚО түзету мекемелерінде мерзімін өтеп жүргендердің арасында да ВИЧ жұқтырғандардың саны артқандығы байқалады. Егер 2006 жылы бұл көрсеткіш 1,2% құраған болса, өткен жылы ол 5,4% жетті. Облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер наркологы С. Кеңесбекова наркологиялық диспансердің қызметкерлері аурулардың келісімінсіз оларды есепке алуға құқықтары жоқ екендігін айтады. Бұл жерде өз еркімен есепке тұрғысы келетіндер бола ма екен деген сұрақтың туындауы да орынды. Сонда, өздері есірткіге тәуелді ме жоқ па, оны аурулардың өздері шешетін болғаны ғой. Ал  облыстық диспансер қызметкерлерінің қаладағы оқу орындарына жүргізген тексерулерінің барысында жасөспірімдер арасында есірткі заттарын тұрақты түрде пайдалану фактілері анықталған.
       Жоғарыда берілген мәліметтердің барлығы бұл мәселенің қандай да бір жеке құрылымның немесе министрліктің аясынан шығып кетті деген қорытындыға әкеледі. Осыған орай барлық мүдделі тараптарға тығыз байланыста жұмыс істеп, бұл мәселені шешуде үкіметтік емес сектор әлеуетін, атап айтқанда волонтерлардың мүмкіндігін пайдалану туралы ұсыныстар айтылды.

 
Другие новости по теме:

  • 18.05.2011 Шетелден көмек
  • 11.04.2011 Орталық жайлы
  • 14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы
  • ШҚО ішкі саясат департаменті директоры Т.Т.Түсіпбековтың ...
  • 21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село