www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 13.04.2011 Саяси клуб: қорытынды шығарылды
13.04.2011 Саяси клуб: қорытынды шығарылды
 
       2011 ж. 13 сәуірде ШҚО талдау және болжау институтында «Өткен сайлау кампаниясының саяси аспектілері мен ҚР Президентін сайлаудың нәтижелері» тақырыбында саяси клубтың кеңейтілген отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, ҚР президенттігіне үміткерлердің өкілдері мен үкіметтік емес сектор өкілдері қатысты.

     Жиын басында сөз алған отырыстың модераторы, ШҚО талдау және болжау институының директоры Чернышов О.В. сайлау барысында облыстық қоғамдық штабта аналитикалық бөлім жұмыс істегенін, бұл бөлімнің жұмысы өте тиімді  болғандығын айтып өтті. Бұған сайлау барысында облысымызда заңбұзушылықтардың аз тіркелгені  дәлел болады. Өз сөзінде Олег Владимирович сайлау науқанында атқарушы биліктің жұмысына оң баға беріп, барлық сайлау учаскелерінде «Нұр Отан» партиясының бақылаушылары жұмыс істегенін мәлімдеді. Облыс әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков өз кезегінде сайлау күні халықтың танытқан белсенділігін тек сайлау кезінде ғана емес, күнделікті қоғамдық маңызы бар іс-шаралар кезінде де сақтау керектігін айтып өтті.  Бұдан кейін сөз алған «Status» әйелдер федерациясы» ҚБ жетекшісі И. С. Унжакова өткен сайлау барысындағы заңбұзушылықтың аз болуы ең алдымен сайлаудың бәсекеге қабілетті болмағандығынан, нақтырақ айтсақ, басқа кандидаттардың бәсекелес бола алмағандығынан деп түсіндірді. Оның айтуынша, сайлау нәтижесі ешбір болжамсыз-ақ алдын-ала белгілі болған. Президенттікке үміткер М.Х. Елеусізовтың қоғамдық штабының жетекшісі Т.В. Чернышова да алдыңғы баяндамашымен келісетіндігін білдіріп, нәтиженің осындай болуы заңды деген пікірін қосты. «Зубр» ӘКҚ өкілі  Ю. Натарова басқармаларда қоғаммен байланыс жасайтын арнайы маман штатының бірлігін ашуға ұсыныс жасады. Сонымен бірге саяси партиялардың қызметі бойынша ақпараттық алаң жасау, ЖӨБК мен ПИК жұмылдыру туралы, халықтың белсенділігі төмен тобымен көбірек жұмыс істеу қажеттігі туралы ұсынымдар айтылды.
      Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Т.Түсіпбеков алда 2010 жылғы Парламент Мәжілісінің сайлауы күтіп тұрғандығын мәлімдеп, жиынға қатысып отырған және басқа да барлық үкіметтік емес ұйымдарға халықты сайлауға жұмылдыру бойынша механизмдер әзірлеуге көмек көрсетуге үндеу тастады.

 
Другие новости по теме:

  • 05.02.2010 «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалының «Жас Отан»
  • 21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...
  • 17.06.2010 «Кедендік бақылау: артықшылықтары мен мә ...
  • 01.11.2010 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар ұсы ...
  • 07.12.2010 Саяси клубтың: «ЕҚЫҰ Астана саммиті: қо ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба?

    Иә, басқа облысқа
    Иә, Ресейге
    Иә, алыс шетелге
    Жоқ, жоспарымда жоқ
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село