www.dvpvko.gov.kz/
іздеу:
 

Құрметті сайт оқырмандары! Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының сайтына қош келдіңіздер! Біздің басқарма облыста ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ауқымды тапсырмаларды орындайды. Жалғастыру...

Құрметпен, басқарма бастығы Нұрғалиев Е.Ж.

rus  |  kaz
Басқару тақтасы
Ресми сайты » Главная » 11.04.2011 Орталық жайлы
11.04.2011 Орталық жайлы
11
 
       Сәуірдің 11 облыстық Достық үйінде Қоғамдық кеңестің экология мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Аталған шараға қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк, өкілетті мемлекеттік органдардың, денсаулық саласы мен ғылыми ортаның өкілдері қатысты. Отырыстың басты мақсаты жиналғандарды біздің қалада орын тебетін Металлургия орталығының жобасымен таныстырып, болашақ кешеннің нақты қай жерде орналасатындығын талқылау болып келді.
       Орталық директорының орынбасары  А. К. Қалдасов бастаған жұмыс тобы жиналғандардың назарына болашақ кешеннің жобасын ұсынды. Қонақтардың түсіндіргеніне қарағанда, бұл кешен бірнеше мақсаттарды көздейді. Ол қазандықтардағы өндіріс қуаттылығын арттырып, тазалаудың анағұрлым тиімді технологиялары мен көмірдің тиісті сұраптыраны пайдалану есебінен қоршаған ортаға шығатын зиянды заттардың мөлшерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай кешенді салу туралы алғаш бастаманы Финляндияға барған сапарында осындай орталықтың жұмысымен танысып келген Н. Назарбаев енгізген болатын. Заманауи технологиялармен танысқан президент мұндай кешен Қазақстанға да қажет деп шешті. Айдархан Кеңесұлының айтуына қарағанда, қазіргі таңда барлық құжаттар дайын, алайда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес Өскемен қаласының аумағында қандай-да бір өндірістік нысандарын салуға тиым салынған. Болашақ кешенді салу үшін жобаны құрастырушылар  7 алаңды қарап шықты. Нәтижесінде сол  жақ  жағалаудағы 2 қазандық орналасқан алаңға таңдау жасалды.   
       Бұл жобаны талқыға салған қатысушылар мұндай кешеннің қаламызға әлбетте қажет екендігін атаумен болды, бірақ та оның орналасуы бойынша өз ұсыныстарын айтты. Жиналғандардың басты уәжі онсыз да экологиясы мәз емес қаламыздағы ЖМК ауданын өзіндік таза арал деуге болар. Сол себепті бұл жерде мұндай кешен салу дұрыс шешім емес дегенді айтты. ЖМК ауданының тұрғындары кешеннің мұнда орналасуы мемлекетке экономикалық жағынан тиімді болғанның өзінде, жоба құрастырушылармен келісе қоюы екіталай деген күмандарын білдірді. Сол себепті орталықты қаладан тысқары жерде орналастыру қажет деген ұсыныс білдірді.  Әрине бұл қосымша шығын, бірақ та тұрғындардың денсаулығы қаражатпен өлшенбейтіндігі әлбетте белгілі ғой. Бұл бастамаға қарсылық танытқандар да болды. Мәселен, танымал табиғат зерттеушісі Б. Щербаков бұл жобаны іске асыру алаңы ретінде не себепті біздің қаламыздың алынғанына таңданумен болды. Қалай болғанда да, ендігі жерде бізді бұл кешеннің нақты орналасу орнын анықтайтын қоғамдық тыңдаулар күтуде.


 
Другие новости по теме:

  • 23.06.2011 Экология мәселелері - әрқашан назарда
  • 18.05.2011 Шетелден көмек
  • 14.12.2010 Қоғамдық кеңестің отырысы
  • 26.04.2011 Бірлесе көтерген жүк жеңіл
  • 16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселе ...


  • логин :    
     
    пароль :    
     
         
    Тіркелу | Парольді еске салу?
    Социологиялық сауалнама
    Облыс әкімі Б. Сапарбаев қызметінің тиімділігіне баллмен баға беріңіз (1-ден 6 баллға дейін, мұнда 1 балл – ең төмен баға, ал 6 балл – е

    1
    2
    3
    4
    5
    6
     
    Ақпараттық банерлер
    Послания Президента РК
    20-летие Независимости Казахстана
    X Жастар форумы
    Официальный сайт Президента РК
    Сайт электронного Правительства РК
    Официальный сайт Акима Восточно-Казахстанской области
    Отчеты Управления внутренней политики ВКО
    Социологические исследования
    Жемқорлық тоқта
    ЕВРАЗЭС
    Если вы потеряли работу
    Учись управлять своими деньгами
    В помощь PRопагандисту
    Новая индустриализация
    Әлеуметтік тапсырыс
    С дипломом в село