| Ресми сайты » Главная » 16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселелерін қарастыруға арналған дөңгелек үстел |
|
 |
 |
 |
| 16.02.2011 Қоғамдағы гендерлік теңдік мәселелерін қарастыруға арналған дөңгелек үстел |
Бүгінгі
таңда гендерлік теңдік мәселелері біздің мемлекетте үлкен маңызға ие
болуда. ШҚО талдау және болжау институтында 16 ақпан күні аталған
гендерлік теңдік мәселелерінің орындалуын қарастыруға арналған дөңгелек
үстел өтті. Бұл жобаны Ұлттық демократиялық институты іске асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты 2016 жылға дейін шешім қабылдау деңгейіндегі,
оның ішінде Үкіметтегі, Парламенттегі, әкімдік, маслихат және сот
органдарындағы әйелдердің 10%-дық өкілеттігін 30%-ға дейін арттыру.
Алғашқы қадам - шешім қабылдауға жауапты лауазымдардағы әйелдердің
пайыздық қатысуын қалай арттыруға болатындығы жайында әйелдердің пікірін
зерделеу. Дәл осы мақсатта «Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің
өкілеттігін арттыру бойынша Қазақстанның міндеттерін жүзеге асыру:
мәселелер мен болашағы» дөңгелек үстелі ұйымдастырылған болатын.
Іс-шараны
жүргізген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер ісі
және отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссиясының мүшесі,
«Status» әйелдер федерациясы» ҚБ төрағасы Унжакова И.С. ҰДИ-дың
көздеген мақсаттарына тоқталып өтті. Айта кететін жайт бұл тақырып
жиналғандар арасында үлкен ықыласқа ие болды. ҚКХП-ның өкілі Е. Агешкина
әйелдер кей-кезде бойындағы мүмкіндіктерін дұрыс шамалай алмайды, сол
себепті олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деді. Ал № 9
-өзін-өзі басқару комитетінің директоры М. Екібасова қазіргі таңда
баланы тәрбиелеуде орын алған жағдайды сынға алып, бұл мәселеге
ата-аналар бірдей мөлшерде қатысу керектігін алға тартты. Ал
«Экосогласие» бірлестігінің төрағасы Т. Чернышова болса керісінше
әйелдің басты мақсаты жанұямен балаға қарау, ал саясатты ерлерге қалтыру
керек дегенді айтты. Адам қанша болса, пікір де сонша болады деген осы
болса керек.
Дөңгелек үстелдің екінші жартысында қонақтар аталмыш 30%-ға жетудің
жолдарын қарастырды. Басты қиындықтардың бірі ретінде бұл көрсеткіштің
сапалық жағы болып табылатыны анықталды. И. Унжакованың айтуы бойынша
2004 жылы президент «Мемлекеттік қызметтің резерві туралы» жарлыққа қол
қойған болатын. Бұл жарлықта мемелекеттік қызметкерлердің қатарынан
құралатын кадрлік резервтің 50% әйелдер болуы тиіс делінген. Жарлықтың
орындалу барысын білмек болған «Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы»
өкілдері, ешбір бақылаудың жүргізілмейтіндігін анықтаған. Бұл ретте оның
іске асырылуы жайлы сөз қозғаудың өзі артық сияқты. Шараға қатысушылар
кадрлік резерв сұрақтарына қатысты бірнеше ұсыным қабылдады. ШҚО
Орталық сайлау комиссиясының өкілі Жанат Акимова саясаттағы әйелдер
санының аздығы тек оның айналасының кінасы ғана емес, әйелдердің өздері
саясатқа баруға құлшыныс білдірмеуінде десе, И. Унжакова «Status» ҚБ
жанында көсемдік мектептері жұмыс істейтіндігі жайлы және олардың
қызметінде ең қиыны топқа адам жинау екендігін хабарлады. Бұл ретте әйел
адамдардың сана-сезімін өзгерту қажеттігі туралы ой айтылды.
Шара соңында қатысушылар қандай да бір жетістікке жету үшін күш біріктіріп жиналған тәжірибемен бөлісу керектігі айтылды. |
|
|
|
Другие новости по теме:
27.12.2010 Гендерлік саясат мәселелері жайындағы семинар10.02.2011 Гендерлік мәселелер жайындағы дөңгелек ...06.03.2010 Халықаралық әйелдер күні қарса ...25.01.2011 ӨӨАБ сұрақтары бойынша дөңг ...21.05.2010 Жастардың электоралды белсенділігі назарға алынып о ...
|
| Просмотров: 368 | Категория: Главная | Распечатать |
|
 |
|
|
|
 |
 |
 |
Социологиялық сауалнама |
 |
|
 |
 |
 |
| Жақын арада ШҚО аумағынан көшуді жоспарлап отырсыз ба? |
|
 |
|
| |
|
|